ҒАРЫШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ

61

0

 

ҒАРЫШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕӨткен сенбіде Байқоңыр қала­сында ауыл шаруашылығы еңбек­керлеріне арналған «Алтын күз – 2015” мерекесі аталып өтті. Орталық алаңда өткен салтанатты шарада Байқоңыр қаласы, Қазалы және Қармақшы аудандарының өнерпаздары тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сөз басында Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Анатолий Петренко мен об­лыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназарова байқоңырлықтарды бү­гінгі мерекесімен құттықтап, атқар­ған жұмыстарына толағай табыс тіледі. Сондай-ақ, шара барысында Ақмарал Шәріпбайқызы облысымыздың ауыл шаруашылығы саласы бойынша жеткен жетістіктерін тілге тиек етіп, бірқатар әлеуметтік сала қызметкерлерін марапаттады.

Байқоңырлықтардың қуанышы­мен бөлісе келген Арал, Қармақшы және Қазалы аудандары орталық алаңда жәрмеңке ұйымдастырды. Мұнда үш ауданның ауыл шаруашы­лы­ғының тауар өндірушілері 10,8 млн теңгені құрайтын 92,3 тонна өнім әкел­ді. Барлық азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен болды. Жәрмеңкеге Арал ауданы 3,5 тонна балық, 2,5 тонна ет және 200 литр шұбат әкелсе, Қармақшы ауданы 5 млн теңгені құрайтын ауыл шарушылығы өнімін тұрғындарға тиімді бағамен ұсынды. Ал қырманы қазынаға толған Қазалы ауданы 15 тонна көлеміндегі азық-түлік өнімін жеткізді.

– Бүгінгі мереке қарсаңында ұйым­дастырылып жатқан жәрмеңке біз­­дер үшін тиімді болып отыр. Ұйым­дастырушыларға алғысымды білді­ремін. Егін жинау науқанын аяқ­та­ған ауыл шаруашылығы маман­дары биыл да мол өнім алып, облы­сымыздың барлық өңірлерінде жәр­меңкелер ұйымдастырып келеді. Ха­лық үшін жасалып жатқан игі бас­тамалар алдағы уақытта өз жалғасын таба берсін, – деді қала тұрғыны Ерсұлтан Төлегенов.

Жәрмеңкені Байқоңыр қаласыәкім­­шілігінің басшысы Анатолий Пет­ренко мен облыстық мәслихат хат­шысы Ақмарал Әлназарова аралап, тауарлар бағамымен танысты. Жәр­меңкеге белсене атсалысқан үш аудан қала тұрғындарын арзан өнімдермен қуантты.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз