АСЫРАУШЫ САЛАНЫҢ АЛДАҒЫ МІНДЕТІ

87

0

Сыр елі –
ежелден ауыл шаруашылығы дамыған өлке. Асыраушы сала әсіресе егін мен малға
басымдық береді. Әлеуметтік-экономиканың өсуімен ауыл шаруашылығында ауыз
толтырып айтарлықтай тың өзгерістер бар. 
Жуырда
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат
Бекішев «Сыр Медиа» серіктестігінің коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдеріне
арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Онда ауылшаруашылық саласының жетістіктері
мен атқарылған шаруаларына кеңінен тоқталды. 

 
Былтыр ауыл
шаруашылығы саласын қол­дау­ға жергілікті бюджеттен 8,1 млрд теңге бөлі­ніп,
өткен жылмен салыстырғанда 47 пайызға артқан. Өткен жылы барлық ауыл
шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 158,4 мың гектарды құрады. Олардан 371 мың
тонна дәнді дақылдар жиналып алдыңғы жылмен салыстырғанда 32,7 мың тоннаға
артты. Жыл көлемінде шаруа­шылықтарға 204 ауыл шаруашылығы техни­кала­ры сатып
алынды.
«Агроөнеркәсіп
кешенін дамыту-2020» Жол картасы бекітіліп, облыстың агроөнеркәсіп кешені
саласын дамытудың басым бағыттары айқындалды. Бірінші кезекте әртараптандыру
үшін шаруашылықтарды қаржылай ынталандыру мақсатында күріштен басқа дақылдардың
әр гектарына төленетін субсидиялар нормасы айтарлықтай жоғарылатылып, АШБ,
аудан, қала әкімдігі және шаруашылықтар арасында үш жақты меморандумдар
жасалды.
Былтыр
фермерлік шаруашылық ұйымдас­тыру үшін 1700 бас сиыр сатып алу жоспарланған
болатын. 50 шаруашылық 421 млн теңге несие алып, 2364 бас сиыр алынып, жоспар
139,1%-ға орындалды. Сонымен қатар, 139 бас ет бағытындағы асыл тұқымды
қазақтың ақбас және әулиекөл тұқымының бұқалары алынды.
Облыс
бойынша  қуаттылығы 1650 басты құ­рай­тын
18 мал бордақылау алаңы жұмыс жасауда. Репродуктор шаруашылық ұйымдастыру мақса­тында
2 шаруа қожалығы өз қаржысына 220 бас асыл тұқымды ет бағытындағы «Қазақтың
ақбас» сиырын сатып алды.
Қой
шаруашылығын дамыту мақсатында «Ал­тын асық» бағдарламасы бойынша 5627 бас қой
сатып алынды. Ал, жылқы шаруашы­лығындағы «Құлан» бағдарламасы орнына 613 бас
жылқы сатып алынды.
Облыс
тұрғындарын негізгі азық-түлік өнім­дерімен 
қолжетімді бағада тұрақты қамтамасыз ету мақсатында 60 жәрмеңке
өткізіліп, барлығы 266,4 млн теңгенің өнімдері базар бағасынан 15-20 пайызға
төмен сатылды. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тапшылығын
болдырмау мақсатында өңірлік тұрақтандыру қоры тиімді жұмыс жасауда.
Халықты
маусымаралық кезеңде азық-түлік және көкөніс, жеміс өнімдерімен қамтамасыз ету
үшін 592,5 млн теңге қаржыға 6220 мың тонна азық-түлік өнімдерін сатып алуға
шешім қабылдады. Сонымен бірге, тұрақтандыру қорын толықтыру мақсатында
жергілікті бюджеттен  180 млн теңге қаржы
бөлініп, бұл қаражатқа 62 тонна ақталған күріш, 340 тонна қант, 50 тонна құс
еті сатып алынды.
Айта кетейік,
үстіміздегі жылы ауыл шаруа­шылығы саласында  құны 6945 млн теңгенің 9
инвестициялық жобасы жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, «АгроЭкоПродукт» ЖШС
Қызылорда қаласында 5,7
гектар көлемдегі өнді­рістік жылыжай құрылысын жүргізіп
және «Жан-Арай» ЖШС Қызылорда қаласында қуат­тылығы сағатына 12 тонналық күріш
өңдеу зауы­тын іске қосуды 2015 жылға жоспарлануда. Со­нымен қатар,
 қазақтың ақбас және әулиекөл сиыр тұқымдарын көбейтіп, «Ірі қара мал
етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын жан­дандырады.
 
 Нұрбек
ДӘУРЕНБЕКОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз