АЙМАҚ ДАМУЫН АЙҚЫНДАЙТЫН

49

0

АЙМАҚ ДАМУЫН АЙҚЫНДАЙТЫН

мамандықтарға
оқиды

Биылғы оқу жылының екі жүзге жуық түлектері Ресейдің жетекші оқу орындарына жолдама алды. Атап айтқанда, Мәскеу болат және қорытпа институтында – 153, ал Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университетінде 41 жас талап оқитын болады.

Кездесуде аймақ басшысы Қ.Көшербаев, ҚР Президентінің жанын­дағы Жастар саясаты жө­ніндегі кеңес төрағасы Ғ.Әбдірахымов облыс әкімі грантын иеленген оқу озаттарымен пікірлесіп, оларға сәт сапар тіледі.

«Жақында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы тарихи құжатқа қол қойылды. Енді үш мемлекет халықаралық деңгейдегі заманауи сұрақтарға, шақыруларға бірге жауап беретін болады. Сіздер Ресейдің үздік ондыққа кіретін техникалық оқу орындарына барып, білім алайын деп жатырсыздар. Қызылорда өңірінде көптеген индустриалды-инновациялық жобалар іске асып жатыр. Кәсіпорындар мен өндіріс ошақтары ашылады. Соған орай аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша білім жетілдіресіздер. Сіздер Елбасы мамандығын алуға аттанып бара жатсыздар. Елбасы жолын тілеймін! Елге оралып, экономикалық әлеуетімізді дамытуға үлес қосады деп сенемін», – деді Қырымбек Елеуұлы.

АЙМАҚ ДАМУЫН АЙҚЫНДАЙТЫН«Мен де шетелде білім алғанмын, 1997 жылдары Германияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыдым. Сондықтан сіздердің қазіргі алып-ұшып тұрған көңіл-күйлеріңізді түсініп отырмын. Бүгінде біз ел экономикасына шама-шарқымызша үлес қосып жатырмыз. Сіздер де жақсы білім алып, аман-есен елге оралыңыздар» – деген кеңес төрағасы Ғабидолла Рахметоллаұлы білімпаз жастарға ақ жол тіледі.

Шара соңында оқуға аттанатын білімпаз жастар ел ағаларымен естелік суретке түсті.

 

Нұрбек Дәуренбеков.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз