АЙМАҒЫМЫЗДЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

155

0

АЙМАҒЫМЫЗДЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ  ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫЕлбасының
тікелей бастамасымен өмірге келген үдемелі индустриялық-инновациялық даму
мемлекеттік бағдарламасына сәйкес атқарып жатқан ілкімді істер Сыр өңірінде де
аз емес. Статистикаға жүгінсек, аймақтың экономикалық дамуында тың серпін бары
бірден байқалады. Биыл осы бағдарлама аясында нақты қандай жұмыстар атқарылғаны
туралы біз облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат
Имандосовтансұраған едік.

 – Облысымыздағы Үдемелі ин­дуст­риялық-иннова­ция­лық даму бағ­дар­ла­масының
жүзеге асыру ба­ғытында биыл қандай жұмыстар ат­қарылуда? Бағ­дарламада қан­дай
жаңалықтар бар?

– Биылғы жаңалық, осы жылдың 9 қазаны күні «Жобаларды рес­публикалық
және өңірлік Индус­трия­­лан­дыру карта­ларына енгізу қа­­ғидаларын бекіту
туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 ма­мыр­дағы №675 қаулысына өзгерістер мен толықты­рулар енгізілді. Осы қағидаларға
сәйкес өңір­лік Индуст­рияландыру картасына жо­­­­ба­­­лар тө­мен­дегі
критерийлер ар­­­қылы іріктелетін болды. Бірін­ші­ден, құ­ны 4,5 млрд. теңгеге
дей­інгі жо­ба­лар енді өңір­лік кәсіп­кер­лер палатасымен келісе оты­рып, ай­мақ­тық
Үй­лестіру кеңе­сі ше­­шімі негізінде жобалар енгі­зі­леді. Екін­шіден, Үдемелі
ин­дуст­риялық-ин­но­вациялық даму бағ­дар­лама­сына сәйкес өндеуші өнеркәсіп
саласы жобала­ры­на ба­сым­дылық берілетін болады. Бұған қоса, олар мем­ле­кеттік
қолдау шараларын талап ететін жобалар болуы тиіс.

АЙМАҒЫМЫЗДЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ  ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫСонымен қатар, ендігі
жерде құны 4,5 млрд. теңгеден жо­ғары тұратын жо­балар республикалық
Өнеркәсіпті да­­мы­ту жөніндегі ко­мис­сиясының ше­ші­мімен республи­ка­лық
картаға енгі­зі­летін болады. Осыған орай үсті­міздегі жыл­дың
қараша айындағы Индус­трия­лан­дыру картасын өзек­тендіру жұмыс­тары
нәтижесінде (облыс әкімінің 2014 жылғы 3 қарашадағы №31 шешімі) өңірлік Индус­трия­ландыру
картасына жалпы құны 4,8 млрд. теңге құрайтын 2 жоба енгізілді. Оның бірі –
«Максима логистикс» ЖШС-ның керамикалық кір­піш шы­ғару жобасы. Бұл жобаның
құны – 300,0 млн. теңге. Жоба алдағы 2015 жылы іске қо­сылады деп кү­тілуде.
Керамикалық кірпіш зауыты іске қосылғанда 50 жаңа жұмыс орны ашы­лады.

Келесісі «Қызылорда шағын
тон­наж­ды мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның мұнай өңдеу зауытын кеңейту жо­ба­сы.
Оның жалпы құны 4,5 млрд. тең­гені құрайды. Жоба толық қуатына шыққанда жаңадан
386 жұмыс орны ашылады. Аталған жоба да келер жылы іске қосылады.

– Нақты кезеңде
республикалық, өңірлік картаға
қанша
жоба енді?

– Бүгінгі таңда Қазақстанның Индустрияландыру кар­тасы аясын­да
аймағымызда жалпы құны 189,8 млрд. теңге құрайтын 26 жоба іске асырылып жатыр.
Жобаларды жү­зе­ге асыру ба­рысында, яғни құ­рылыс кезінде уақытша 3186 жұмыс
орны ашылады. Ал, жобалар тоық қуатына көшкен кез­де барлығы 3054 жұмыс жаңа
орны ашылмақшы. Оның ішінде Өңірлік кар­тада құны 137,7 млрд теңге құрайтын 25
жоба бар.

Ал, республикалық картада
құ­ны 52,1 млрд. теңге құрайтын 1 жо­ба бар. Ол көптен айтылып ке­ле жатқан
Шыны зауыты. Қазір жо­баның инвесторы анықталды. «Қы­зылорда қаласында
қуаттылығы жы­лына 197100 тонна табақша шы­ны шығару және өңдеу зауыты
құрылысы» жобасы таяу уақыт­та басталады. Көпшілік көптен күткен өндіріс орны
ашылған кезде онда бар­лығы 300 адам еңбек ететін бо­лады.

Өңірлік Индустрияландыру
кар­та­сына енгізілген 25 жобаның ішін­де қазітгі таңда құны 78,5 млрд. тең­гені
құ­райтын 15 жобасы іске асты. Жаңадан 824 жаңа жұмыс орны құ­рылды.

АЙМАҒЫМЫЗДЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ  ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫОсы жылдың қаңтар айында өңір­лік Индустрияландыру картасы аясында
Қызылорда қаласында «Хуа Ю Ин­терна­ционал в Кызыл­орде» ЖШС-ның «Химия­лық реа­гент­тер
өндірісінің көле­мін ұлғайту жобасы» іске қосылғаны мәлім. Жоба құны – 500 млн.
теңге. Жаңа өндірістің қуат­тылығы – жылына екі мың тонна. Жобаның жұмыс жа­сап
тұрған химиялық реагенттер өн­ді­рісін ұлғайтуға бағыт­талып отыр­ғанын атап
өткен жөн.

Компанияның мамандары өн­ді­ре­тін химиялық реа­гент­тер мұ­най
құбыр­ларының шіруін, яки ко­розияға ұшы­рауы мен қақ тұруы про­цесін
төмендетіп, оның пай­да­лану мерзімін ұзартады. «Хуа Ю Интернационал в
Кызылорде» ЖШС-ның химия реагенттерін өн­ді­ретін облыс­тағы бірден-бір ком­пания
болып табылады. Қазір өн­ді­ріске химиялық реагенттерді ав­томатты түрде құю
бойынша құ­рал-жаб­дықтар алынып, аталған кә­сіпорын 6 түрлі химиялық реа­генттер
шығарып жатыр. Өнім­ді өткізуде де мәселе жоқ. Зау­ыт басшылығы химиялық реа­­гент­­тер­ді
сату бойынша «СНПС Ай­дан мұнай» және «Петро­Казах­стан ҚұмкөлРесорсиз» се­кіл­ді
ірі ком­па­ния­лармен келісім-шарт жа­сады.

Жалпы, ағымдағы жылдың он
айында аталған өндіріс орны 1536,8 тонна химиялық реагенттер өндіріп, зауыт
жоспарлы қуаттылықты 118,2 пайызға орындап шықты.

– Жыл соңына дейін қандай
өндіріс орындары ашылады?

– Аймағымызда жыл соңына
дейін жалпы құны 3,8 млрд. теңге құрайтын 3 жобаны іске қосу жос­парланып отыр.
Бұл алдағы уақыт­та тағы 559 жаңа жұмыс орны ашы­лады деген сөз. Енді сол қол­данысқа
берілетін 3 өндіріс орнына тоқталайық. Біріншісі, «Жан Арай Жем» ЖШС «Құрама
жем өндіру зауыты». Жоба құны – 375,9 млн. теңге. Зауыт қолданысқа берілгенде
жаңадан 60 жұмыс орны ашылады. Ал, өндірістің қуаттылығы – тәулі­гіне 80
тонна. Бүгінгі таңда облысқа келген
неміс мамандары зауыттың құрал-жабдықтың электр энер­гиясына қатысты жұмыстарын
жүргізуде. Зауыт желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

Мұнан өзге «Арал тұз» АҚ «Тех­никалық және ас тұзын өндіру» өн­дірісін
жаңғырту жобасы да аяқта­луға жақын. Зауыт осы қараша айының ішінде қолданысқа
беріледі деп күтілуде. Жоба құны әу баста 1,5 млрд. теңгені құрады. Де­генмен,
қажетті жұмыстарды атқару үшін қосымша 0,6 млрд. теңге қаржы жұм­­салуына орай,
бүгінгі күні жо­баға са­­­лынған жалпы инвестиция кө­лемі 2,1 млрд.
теңге болып отыр.

АЙМАҒЫМЫЗДЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ  ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫАтап өту қажет, жаңа зауыт іске қосылғанға дейін кә­сіпорын жылына
120 мың тонна тұз өңдеп шығарды. Оның
ішінде жылына 80 мың тонна ас тұзы және 40 мың тонна техникалық тұз өндірген
бол­са, енді қайта жаң­ғыртудан кей­ін өндіріс қуаттылығы 1,6 есеге (66%) ұлғай­ып,
200 мыңнан астам тон­наны құрап отыр. Оның ішінде 147 мың тонна ас тұзы және 66
мың тон­на тех­никалық тұз.

Жоба бойынша 343 жаңа жұ­мыс орнын құру көздел­ген. Жал­пы алғанда
«Арал тұз» АҚ мен жаңа зауытта жұмыс жасайтын адам­дарды қоса есептегенде
барлығы 800 жуық жұмыс орны құрылған. Ең бастысы, оның 95 пайызы жергілікті
тұрғындар.

Кәсіпорын тұз өндіруге арнал­ған құрал-жабдық өндіруден дү­ние
жүзі бойынша көшбасшы «Con­strucciones Mecanicas J.SER­RA, S.A.» атты испа­ния­лық
ком­панияның жаңа құрал-жаб­дық­тары сатып алды.

Үшіншісі – «Бис групп»
ЖШС-ның «Мия тамырын өң­деу зауытын ашу және мияны өсіру» жобасы. Бұл нысан да
алдымыздағы жел­тоқсан айында іске қосылады. Негізі зауыт жоспар бойынша келесі
жы­лы қолданысқа берілуі тиіс еді. Айта кетейік, жоба құны о баста 1,8 млрд.
теңге болып белгіленген еді. Кейін ол 2,4 млрд. теңгеге ұл­ғайды. Қуаттылығы –
1000 тн. мия тамырының экстраты, 100 тн. гли­циризинат моноаммония. Зауыт іс­ке
қосылғанда 156 адам тұрақты жұ­мысы орнымен қамтылса, мау­сым­дық жұмыстарға
тағы 564 адам тартылады.

Қазіргі таңда жоба
бойынша әкімшілік ғимарат, асхана, вахта­лық поселке, зауыт ғимараты, лабо­ратория
құрылыстары аяқталған. Қазіргі күні көршілес Қытай мем­лекетінен 35 контейнер
құрал-жаб­дықтар келген. Өткен қазан
айының басында 6 қытай маманы келіп, монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Биылғы жыл
облысымыз үшін тартымды жаңалықпен бастал­ғанын біле­сіздер. Қаңтар айында қала­мыздың
Рисмаш шағын ауданында «Smart Rubber» ЖШС базасында ескі автокөлік
дөңгелектерін қайта өңдеу арқылы резеңке ұнтақтары мен жерасты суғару
түтіктерін шы­ғаратын өнді­ріс орны ашылды. Бұл зауыт Үдемелі
индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған ин­но­вациялық
тартымды жоба болып табылады. Жобаның артықшылығы, бірін­ші­ден, ол
инновациялық техно­ло­гия болса, екіншіден «Жасыл эко­но­мика» принциптерінің
жүзеге асы­руға сеп­тігін тигізеді. Сонымен қа­тар, бұл жобаның ел көлемінде ба­ла­масы
жоқ. Негізіне, өндіріске 2,5 тонна шикізат (тозығы жетіп, кәдеге аспай қалған
автокөлік дөң­гелектері) салып, 1.5 тон­на өнім алы­нуда. Қазіргі таңда мұнда
40 адам еңбек ету­де. Өндіріске жаңа технология Германия мемлекетінен
әкелінген.

АЙМАҒЫМЫЗДЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ  ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫСөзімнің соңында, алдағы 2015-2018 жылдары Индуст­рия­лан­дыру
картасындағы құны 150,9 млрд. теңгені құ­рай­тын құ­ры­­­лыс, мұнай өндеу,
машина құ­расты­ру, метал­лургия және тағы да басқа салаларды қамтитын бар­­лығы 8 инвестициялық жоба іс­ке
қосылатынын айта кетейін.Нә­ти­жесінде жаңадан 1672 адамға жұ­мыс
орны құрылады деп күтілуде.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан

Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз