БАЛА ЖАНЫНЫҢ БӘЙТЕРЕГІ

94

0

Бала – ел болашағы. Қазір
бала тәрбиесіне көңіл бөлу, олардың болашағына үмітпен қарайтындай етіп
тәрбиелеу ұстаздар қауымының басты парызына айналды. Сонымен қатар, олардың
бойына ұлттық құндылықтарды дарыта білу де ұстаздар назарынан тыс қалмақ емес.
Балаларды жасынан көркем әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелей алсақ, оның жаман
болмағаны.

Осындай басты мәселелерді
назарға ала отырып, оқушыларды ақын-жазушылардың шығармаларымен
таныстыру, балалардың көркем әдебиет оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында
Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназиясында түрлі шаралар өткізіліп келеді.
Мәселен, балалар жазушысы Бердібек
Соқпақбаевтың 90 жасқа
толуына орай ұлы тұлғаның шығармашылығын кеңінен насихаттау барысында
«Бала жанының бәйтерегі!» атты әдеби кеш өткізілді.

Тамаша шығармалары
арқылы көптің көңілінен
шығып, бірнеше буын
өкілдерінен тұратын оқырмандардың құрметіне бөленген
үлкен талант иесі бірнеше кітап авторы.
Оқырмандары тарапынан құрмет пен өзінің биік бағасын ала білген балалар
жазушыларының ішіндегі бірегейіне айналған тұлғаға арналған әдеби сазды кеш мектеп кітапханашысы Базаркүл
Жарылқасынова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күләй Алдажарованың
ұйымдастыруымен 6-сынып оқушылары арасында өтті.

Төрт бөлімнен тұратын әдеби
кеште жазушының өмірі мен шығармашылығы, оның еңбектерінің 20-ға жуық ел тіліне
аударылғаны жайында әңгіме өрбіді. Оқушылар жазушының «Менің атым Қожа”
кітабынан түрлі образдарды сомдап, көрермен ықыласына бөленді. Сонымен қатар
жазушыға қазақ әдебиеті алыптарының берген бағасы сараланды. Әдеби кеш соңында
өнер көрсеткен, шеберлік танытқан оқушылар марапатталды.

Г.РЕЙМБЕРГЕН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз