БЕС ИНСТИТУТТЫҚ РЕФОРМА қала құрылысы қарқынын ілгерілетеді

71

0

БЕС ИНСТИТУТТЫҚ РЕФОРМА қала құрылысы қарқынын ілгерілетеді«Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Майра Барақбаева БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Жиында Елбасының «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бес институттық реформасы сөз болды.

Елбасының «Ұлт Жоспары –
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бес институттық реформасының 46, 48-қадамында «Құрылысқа рұқсат алудың 3 сатылы қағидасы» мен «Құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу» жайында айтылады. Сонымен қатар,
49-қадамында «Кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына Еуродақтар жүйесін енгізу» төңірегінде баяндалады. Дүниежүзілік Банктің«Doing Business» рейтингісіне сәйкес құрылыс бастауға рұқсат беру индикаторы бойынша, өткен жылы мемлекетіміз 152- орынды иеленсе, биыл 154-орынға тұрақтады. Осыған орай алдағы жылы «Doing Business» рейтингісіндегі құрылысқа рұқсат беру индикаторы бойынша мемлекетіміздің ұстанымын жақсарту жоспарлануда.

Бес институттық реформаға сәйкес, рұқсат алуды оңтайландыру және құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы қағидаты енгізілді. Жалпы бұрын құрылысқа рұқсат алу тәртібі 25 рәсімнен тұрып, кемінде 183 күнді талап ететін. Ал қазір қолданыстағы заңнама талаптарына енгізілген өзгертулермен толықтыруларға сәйкес бұл тәртіп 7 рәсімнен тұрып, құрылысқа рұқсат алу 16 күннің ішінде жүзеге асырылады.

Ресурстық әдіспен құрылыстың сметалық құнын анықтау тәртібі 3 кезеңмен жүргізілетін болады. Осы кезеңдер бойынша ресурстық әдіспен құрылыстың сметалық құны анықталып, құрылыста баға қалыптастырудың жаңа әдісі енгізіледі. Сонымен қатар, жаңа материалдармен, жабдықтармен және технологиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаңарту қамтамасыз етіледі.

2015 жылдың шілде айынан бастап Қазақстанда Еуро­кодтар жүйесіне негізделген жаңа нормативтік база қа­лыптастырылды. Нормативтік база бойынша, кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына жаңа нормативті базаларды енгізу жұмыстарын толықтай 2021 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз