Бетоннан жасалатын өнімнің 120 түрі шығады

55

0

 Бетоннан жасалатын өнімнің 120 түрі шығады Қызылордадағы темір-бетон зауыты биыл өндіріс қуатын 2 есеге ұлғайтты. Кәсіпорын соңғы жылдары материалдық-техникалық базасын жаңғыртып, бәсекеге қабілеттілігін арттырды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық арнасы.
    Бүгінде зауытта бетоннан жасалатын өнімнің 120 түрі шығады. Бейнеті ауыр өндіріс орынында 40-қа жуық нәзік жандар ерлермен бірге иық тірестіре жұмыс істеп жүр. Бүгінде зауыт басшылығы жаңашылдыққа бет бұрған. Заман талабына сай бетон өнімін дайындайтын ресейлік қондырғылар орнатылды. Соның арқасында облыста алғаш болып көпқабатты тұрғын үйлерге арналған 9 метрлік темір-бетон жабындыларын шығаруда. Сырдағы темір-бетон зауытының тағы бір басымдығы мұнда бес түрлі электр бағаналары шығарылады. Айта кету керек, он алты метрлік бағаналар оңтүстік аймақ бойынша тек Қызылордада құйылады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз