БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ: АЛҒАШҚЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР

69

0

Жинақтаушы зейнетақы қорларының
зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына
қабылдау-өткізу барысы 1 сәуірде аяқталды. Осыған орай БЖЗҚ АҚ департамент
директорының орынбасары С.Гилёв, ҚР Ұлттық Банкі облыстық филиалының директоры
Е.Жұмабеков, БЖЗҚ облыстық филиалының директоры Б.Жанқожаев журналистерге арнап
баспасөз мәслихатын өткізді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы шарттарының барлық түрлері бойынша салымшылардың жеке зейнетақы
шоттарының саны 9865876 бірлікті, зейнетақы жинақтарының сомасы – 4,099 трлн.
теңгені құрады.

БЖЗҚ-ның құрамына Қазақстанның әр
облыс орталығында және Астана, Алматы, Жезқазған, Семей қалаларында бір-бірден
орналасқан 18 облыстық филиал кіреді.

Қор филиалдарының жанында 27 бөлімше
және 196 қызмет көрсету орталықтары бар. Офистер тек ірі емес, сонымен қатар
шағын елді мекендерде де ашылған. Барлық филиалдар мен көптеген қызмет көрсету
орталықтары таңғы сағат 8-ден бастап кешкі сағат 19-ға дейін үзіліссіз және
сенбі күндері таңғы сағат 9-дан күндізгі сағат 13-ке дейін жұмыс істейді.
Қалғандары жұмыс күндері сағат 9-дан сағат 18-ге дейін және сенбі күні сағат
9-дан күндізгі сағат 13-ке дейін ашық болады.

Барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары
салымшыларының жеке зейнетақы шоттары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында
шоғырланды. Зейнетақы заңнамасына сәйкес барлық зейнетақы активтеріне
сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
Екінші кезең аясында қазіргі уақытта барлық жинақтаушы зейнетақы қорларынан
салымшылар туралы тарихи ақпараттың, қағаз және электронды тасымалдауыштағы
мұрағаттарды беру бойынша жұмыс жүруде.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
салымшылардың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат берудің әлеуметтік
маңыздылығын ескере отырып, биыл зейнетақы активтері берілетін 5 жинақтаушы
зейнетақы қорларының салымшыларын ағымдағы жылы хабарландыру туралы шешім
қабылданды. ЖЗШ жай-күйі туралы мәліметтер, БЖЗҚ-да ЖЗШ-н 01.01.2013 жылдан
бастап 01.07.2014 жылға дейінгі кезең үшін зейнетақы жарналары мен
инвестициялық табысы көрсетілген зейнетақы жинақтары туралы тарихи ақпаратты
қамтитын болады.

Салымшыларға жеке зейнетақы шотынан
үзінді көшірмелер жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру
шартын, хабарландыру тәсілін анықтау туралы келісімдерді жасасу кезінде
таңдаған тәсілдер арқылы беріледі.

Сонымен қатар, Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қоры министрліктер және ведомстволармен бірлесе отырып салымшыларды
хабарландыру мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды
жүргізіп жатыр. Осылайша, қазіргі кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының,
салымшылардың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметін
электронды форматта Мемлекеттік қызметтер тізіліміне қосу бойынша шаралары қабылдануда.
Бұл болашақта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған
ақпараттық жүйесін е-gov порталымен интеграция­лау салымшыларға интернет арқылы
немесе бүкіл Қазақстан бойынша кез келген халыққа қызмет көрсету орталығынан өз
бетінше толық көлемде ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сәуір айында Аndrоіd және іОS
операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін (іPhоne, іPаd) планшеттер мен
смартфондарға арналған ЕNPF мобильді қосымшаларын әзірледі және қолданысқа
енгізді. Енді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары онлайн
режимінде зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмелерді көре алады, ең жақын
орналасқан филиалмен немесе саll-орталықпен байланысып, Қор туралы ақпарат ала
алады.

Қосымша Gооglе Рlаy (Аndrоіd) және АррStоrе (іОS) қосымшаларының ресми
дүкендерінде тегін тарату мүмкіндігімен (пайдаланушылармен жүктеу) жарияланған.
Қосымша мен веб-сервер арасында деректерді алмасу стандартты https-хаттамасы
бойынша жүзеге асырылады, оның қауіпсіздігі SSL-сертификатымен қамтамасыз
етіледі. Қосымшаның түпнұсқалығы Gооglе және Аррlе компанияларында арнайы сатып
алынған әзірлеушінің сертификаттарымен расталған, дәлірек қосымшалар дүкенінде,
ол БЖЗҚ атынан жарияланатын болады. Қосымша қазақ және орыс тіліндегі екі толық
тілдік нұсқаны ұстанады.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесінде зейнетақы
жарналарының жаңа түрі – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары пайда болды.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуды тек бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қоры жүзеге асырады.

Жұмыс беруші міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы болып
табылады. Дәлірек айтқанда, қызметкердің пайдасына жұмыс беруші өзінің меншікті
қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын
Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметі бекіткен тізбедегі мамандықтар бойынша жұмыс
жасайтын азаматтар алуға құқылы. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайтын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын қызметкердің
ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленді.

Бүгінгі күні міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша 270000-нан
астам шарт жасалды. Енді шамамен 7 мыңға жуығы жасалу сатысында. Жыл басынан
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жарналардың сомасы 6,2 млрд.
теңгеден асты.

2014 жылдың 1 сәуірінен бастап «БЖЗҚ” АҚ-нан зейнеткерлік жасқа жеткен
салымшылар үшін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының орташа мөлшері 28620
теңгеге көбейді және ол 652080 теңгені құрады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорынан зейнетақы төлемдерін көбейтуге ең төменгі зейнетақы мөлшерін ұлғайту
әсер етті. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы аясында ағымдағы
жылдың 1 сәуірінен бастап бұл көрсеткіш 21736 теңгеге дейін өсті.

Биылғы жылдың басынан 1 маусымға дейін БЗЖҚ тарапынан 31 млрд.-тан
астам қаржы төленген.

 

М.МЕРЕЙ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз