ДИҚАНДАРДЫҢ МЕЖЕСІ БИІК

50

0

Аймақта егін орағы қарқын алып келеді. Биылғы
жиын-теріннің барысы жайлы Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
С.Нұрымбетовтен әңгімелеп беруге сұраған едік.

– Аудан бойынша биылғы жы­лы барлығы 30396 гектар егіс орна­ластырылды,
оның ішінде 19941
гектар күріш, 61 гектар мақсары, 3100 гектар жаңа
жоңышқа, 808,5 гектар
картоп, 700 гектар
көкөніс, 906,5 гектар
бақша дақылдары күтіп-бапталды.
Сонымен қатар, ауданның «Таң ЛТД” ЖШС шаруашылығында
тамшы­латып суару әдісімен картоптың ерте пісетін «Беллароза” сортының элита тұ­қымы
10 гектар
көлемге егіліп, қа­зір­гі уақытта картоп толық пісіп-же­тіл­ді. Шаруашылық
картопты жинау жұ­мыстарына кірісті.
Таң ЛТД ЖШС-да аудан бойынша күріш тұқымының І-ІІ
репродукциясын дайындайтын арнайы тұқым шаруашы­лығын ашуға байланысты жұмыстар
жасалып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына құжаттары толықтай тап­сырылды.
2014 жылы күріштің тек қа­на элита тұқымдары егіліп, күтіп-баптау, арам
шөптерді жою мақсатында гербицидтермен өңдеу, күрішті үстеп қо­рек­тендіру
жұмыстары толық жүргі­зілді.
Егіс орналастыру барысында шаруа­шылықтардың сұранысы
бойынша 6000 тонна аммоний сульфаты, 2625 тон­на карбамид, 2064 тонна аммофос,
272 тонна фосфорит ұны минералдық ты­ңайтқыштары пайдаланылды. Биылғы жылы
аудан шаруашылық­тары Үкімет тарапынан берілетін же­ңілдіктерді пайдаланып
барлығы 703509468 теңге субсидия алып отыр.
Күзгі егін жинау науқанына аудан бойынша 351 трактор,
199 комбайн, 86 жатка, 73 автомашинасы, 158 трак­тор тіркемелері толық
жөндеуден өтіп егін жинау жұмыстарына кіріс­ті. Мұның ішінде биылғы жылы шаруа­шылықтардың
сұранысы бойынша жа­ңадан алынған 43 дана техника бар. Сонымен қатар ауыл
шаруашылығы құ­рылымдарына 3540 тонна арзанда­тылған дизель отынын жеткізуге 5
опе­ратор бекітіліп, бүгінгі күнге аудан шаруашылықтарын қамтамасыз етуде.
Аудан диқандары орналастырылған ауыл шаруашылығы
дақылдарын күтіп-баптау жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізіп,
жоғарыда көр­сетілген тыңайтқыштарды беріп, егісті гербицидтермен өңдеу
нәтижесінде ме­желенген өнім алуға негіз қалап отыр.
Бүгінгі күнге егілген 230 га бидай дақылы
толығымен жиналып, әр гекта­рынан 7,7 центнерден, барлығы 1771 центнер өнім
алынды.
Аудан бойынша күріш ору мен бастырудың кестесі жасалып
бекітіліп, ауылдық округ әкімдеріне таратылып берілді. Қазіргі уақытта аудан
шаруа­шылықтары ескі жоңышқаны екі рет орып, 13116 тонна жоңышқа шөбін жи­­нады.
Орта өнім 309 центнерден ай­налуда. Сонымен қатар егілген 3100 гек­тар жаңа
жоңышқаны оруды бас­тады.
Ауданда көкөніс, бақша және кар­топ дақылдары
негізінен жеке қожа­лықтарда орналастырылған. Қазіргі уақытта 412 га көкөніс, 492 га бақша және 285 га картоп дақылдары
жиналып, бұл дақылдардан межелі өнім алынуда.
– Қазір аудан шаруашылықтарында егін орағы қызу қарқын
алды. Кешегі күнге дейін аудан бойынша егілген егіннің 70 пайызы жиналып
алынды. Маусым басталғалы «Байтабын”, «Таң”, «Сәрке батыр” шаруашылықтары ал­дың­ғы
сапта келеді, – дейді ауыл ша­руа­шылығы бөлімінің басшысы С.Нұ­рымбетов.
 
Серік БЕРТАЕВ.
Жалағаш ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз