ЕуРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ ЖӘНЕ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ

45

0

 

Жуырда Астанада Қазақстан Рес­публикасы
Парламенті Мәжі­лісі мен Ресейдің мемлекеттік дума­сының ұйым­дастыруымен «Еур­азиялық
экономикалық перспектива” деген атпен халық­аралық форум өткізілген болатын. Форумға,
сондай-ақ, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Қытай, Қырғызстан парламенттерінің,
Шанхай ынты­мақтастық қауы­мының өкілдері қатысты.

ҚР Парламентi Мәжілісінің төр­ағасы
Қабибулла Жақыпов жинал­ғандарды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен
Ұлттар Ұйымында сөйлеген сөзінде айтылған халықаралық жағ­дайдың өзекті мәселелерінің
маңыздылығын атап көрсетті. Баяндамашы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Қытайдың
тарапынан қозғалған «Жібек жолының экономикалық белдеуі” атты бастамасымен үйлесім
тауып отырғанын мәлімдеді. Бұл Еуразиялық Одақтың дамуына жаңа серпін береді. Бұл
жобаларға Еуразиялық кеңістіктегі 60-тан астам мемлекеттер қатысатын болады. Аталған
кеңістікте тұратын 4 млрд халықтың өсіп-өркендеуіне
жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Сондай-ақ, Қ.Жақыпов Елбасының
бүгінгі таңдағы осы кеңістікті нығайту жөніндегі қадамдарын атап көрсетті. Оның
ойынша, Еуразиялық Одақ пен Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуі негізінен мынадай байланыстар бойынша бірігетін болады. Ең алдымен
көліктік инфрақұрылым және оның халықаралық көлік коммуникациялық дәліздері бір-бірімен
сабақтасып, жалғасуы тиіс. Сон­дай-ақ, сауда экономикалық, ин­дустриал­дық және
инвестициялық ынты­мақ­тастық аясы кеңи түседі. Бұл орайда Еуразиялық одаққа мүше
елдермен Қытайдың өзара байланыстары, атап айт­қанда, озық технологияларды бірлесіп
пайдалануы көптеген мәселелерді шешетін болады.

Депутат осы орайда Еуразиялық
одақ пен Қытай арасындағы ынты­мақтастықты дамыту үшін бірқатар құжаттарды дайындау
қажеттігін мәлімдеді. Бұл, атап айт­қанда, көліктік-коммуникациялық өзара іс-қимылдарды
үйлестіретін болады. Сонымен бірге бұл құжаттар өнеркәсіптің дамуын көздейді, инновациялық
ынтымақтастықтың тұжы­рым­дамасын қабылдауды қамтамасыз етеді.

Халықаралық өкілетті органдар
өкілдерінің басқосуында Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол” атты жаңа экономикалық
саясатының мазмұнын алдағы ынтымақтастық жағдайында байыта түсудің мүмкіндіктері
айтылды. Қазіргі таңда Қазақстан Парламенті реформаларды қамтамасыз етудің заңдылық
аспектілерін қамтамасыз етуде орасан зор жұмыс көлемін атқаруда. Осы орайда
70-тен астам заң қабылданатын болады. Осы заңдардың негізінде біздің елімізге
келетін инвестиция үшін қолайлы ахуал қалыптасатын болады. Бұл тұрғыда
Еуразиялық одақ пен Қытай арасындағы өзара тиімді байланыстардың
перспективалары өте жоғары. Ол, атап айтқанда, екі құрылымның жүйесін үйлесімді
дамытуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, форумда сөз
сөйлеген Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Сергей Нарышкин еуразиялық
интеграцияны дамытуда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке ықпалы
болғанын айрықша атап көрсетті. Ол Ресей президенті Путиннің құттықтауын жеткізді.
Нарышкин Еуразиялық одақтың Азия-Тынық мұхиты бағытындағы интеграцияны дамытуға
да ықпал жасайтынын атап көрсетті. Сондай-ақ, оның пікірінше, Еуразиялық одақ
пен Қытай арасындағы байланыс тек қана көліктік-логистикалық бағытта дамып
қоймайды, сонымен бірге оның энергетика, телекоммуникация, пайдалы қазбаларды
қайта өңдеу, агроөнеркәсіп саласында да дамытуға мүмкіндіктер көп. Әлбетте, бұл
үшін тиісті елдердің парламенттері ізгілікті қадамдарға қолдау көрсету үшін
оның заңдылық іргетасын нығайтуы қажет.

Форумда Еуразиялық одақ және
Қытай арасындағы байланыс туралы Қытайдың парламент өкілдері де сөз сөйледі.
Тәжікстан өкілдері бай­ланыстың перспективалық мүмкін­дік­терін қолдап, тиісті
пікірлерін білдірді.

 

Ж.ӘЛМАХАН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз