ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫ ӘЛЕМДІК НАРЫҚТА СҰРАНЫСҚА ИЕ

50

0

ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫ ӘЛЕМДІК НАРЫҚТА СҰРАНЫСҚА ИЕЕлбасы тапсырмасына сай облыс басшылығына келген Қырымбек Көшербаев аймақ экономикасын әртараптандыру бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Соның бір бағыты индустрия саласын қамтитын металлургиялық кластер құру. Осы мақсатта көптеген жұмыстар атқарылуда. Өткен аптада болған облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Қырымбек Елеуұлы өңір халқы үшін қуанышты жаңалықты жеткізді. Облыста ферроқорытпа зауытын  салу жөнінде қытайлық компаниямен өзара серіктестік жөнінде меморандумға қол қойылды. Зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесе жақын арада Үкіметке ұсынылатын болады.
Жалпы бұл қалай басталып еді. Оны әріден қозғағанды жөн санадық. Қызылорда облысының әкімдігі Мемлекет Басшысының Қызылорда облысында металлургиялық кластерді құру туралы 2013 жылғы 18 қазандағы №3965 санды тапсырмасын орындау бағытында бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Атап айтсақ, облыс әкімдігінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығымен Қызылорда облысында металлургиялық кластерді құру мен дамыту Тұжырымдамасы әзірленді.
Тұжырымдама аймақтың дамуына, шикізатты өндіруді, ҚР мен дүниежүзілік нарықта талап етілетін жаңа өнімдерді шығаруды қосқанда біріктірілген технологиялық циклдың құрылуына бағытталған. Тұжырымдамаға сәйкес, қатты пайдалы қазбалардың перспективалық кен орындарында геологиялық зерттеу мен қосымша барлау жүргізу қажет, оның ішінде олардың құрамында сирек кездесетін элементтердің бар болғаны тиімді.
Облысымыз ванадий қорлары бойынша республикада 1-орын алады. Аймақта, қорлары бойынша бірегей «Баласауысқандық» және «Құрымсақ» ванадий кен орындары орналасқан. Үлкен Қаратау жотасының ванадий тақта-тасы көп мақсатта қолданылатын шикізат болып табылады. Ванадийден басқа, кеніште сирек кездесетін элементтердің қорлары да үлкен құндылықтарға ие. Аймақта «Баласауысқандық» кен орнында ванадийлі өнімді алу бойынша эксперименттік жұмыстар жүргізілген болатын. Ванадий-молибденді руданың жалпы қорлары 200 млн. тоннадан астам және сирек кездесетін элементтердің қорлары 1 млн. тонна шамасында анықталған. «Баласауысқандық» және «Құрымсақ» кеніш аймақтарында барлық ескерілген қорлар көлемінде ванадий мен молибденнің құрамы бесоксидті ванадий бойынша 0,7-1 пайыз және молибден бойынша 0,022 пайызды құрайды.
2012 жылы ванадий өндірісінің әлемдік көлемі 71508 тоннаны құрады. Өндіруші ірі елдері Оңтүстік Африка, Ресей және Қытай болып табылады. Қытайлық ванадий өндірісі 2012 жылы шамамен 40 мың тоннаны құрады және 2010-2011 жылдармен салыстырғанда 3-5 пайыз өсті. 2012 жылы ванадий тұтынуы 80 733 тоннаны құрады. Жетпеген ванадий көлемі 2005-2010 жылдарда жинақталған  қорлар есебінен жабылған еді, сондай-ақ  2011-2012 жылдарда толығымен аяқталды. Бұл жағдай бағаның өсуіне себеп болды. Талдаушылар ванадийдің тұтыну мен өндірісінің өсуін болжамдауда. Келесі жылдары ванадийге сұраныс жоғары берікті болатты шығару кезінде қолданылуына байланысты өсуі мүмкін. Ванадийді жел немесе күн сәулесі энергиясын сақтау үшін қышқылды – қалпына келтіру батареяларында қолданылуының үлкен болашағы бар. 2017 жылы ҚҚБ-да қолдану үшін ванадийге сұраныс болжам бойынша 7-8 есе өседі.
АҚШ, Еуропа, Қытай, Индия нарықтарының болжамды өсуін ескере отырып, молибден нарығы сирек және сирекжердік металдардың орта және ұзақмерзімді болашағында Қазақстан үшін ең перспективалық болып табылады. Құрамына молибден кіретін тот баспайтын болаттын дүниежүзілік өндірісі өсуде. DowJonesпен тұтынушылар мен трейдерлердің сауалнамасы бойынша молибден оксиді 2011 жылмен салыстырғанда қымбаттап, килограмы 31,8-32,2 доллар шегінде сатылуда.
2012-2013 жылдары Еуропа нарығында ферромолибден бағасының өсуі байқалды. Қазіргі таңда бұл металдың килограмы 28,5-29,5 доллар орташа бағамен сатылуда. Феррованадийге деген сұраным 2012 жылдың қарашасының ортасына дейін  әлсіз болды. Алайда, қытайлық нарықта бағалар бір айдың ішінде  үштен біріне өсті. Сәл кешірек бағаның өсуі Еуропада, АҚШ-та, ал кейін Ресейде байқалды. Феррованадийдің құны килограмына 23,5-24 доллар аралығында тоқталды. 2012 жылы ферросилицийдің дүниежүзілік өндірісі мен тұтынуы көбейді. Екі жағдайда да Қытай басым болып тұр. Соңғы оң жылда ферросилицийге әлемдік сұраныс екі есеге көбейді. Қытай үлесі 2000 жылғы 21 пайыздан 2012 жылы 63 пайызға  дейін өсті. Басқа көпшілік елдерге қарағанда, Қытайда бір тонна болатта пайдаланатын ферросилицийдің тұтыну көлемі 75 пайызға жоғары болды. Еуропада бұл көрсеткіш соңғы оң жылда болат тоннасына  3,5-4,5 кг көлемінде тұрақталуда. Еуропада ферросилицийге сұраныс үлкен мөлшерде, негізгі болат сорттарында шоғырланған: тот баспайтын болат, электр болаты, балқыту. «Черметинформация»  ААҚ мәліметі  бойынша төмен аллюминийлі ферросилицийге сұраныстың жылдық өсімі 200-300 мың тоннаны құрайды. 
Қызылорда облысында аталған  бағыттарды дамыту үшін барлық жағдайлар бар. Атап айтсақ, 2013 жылы «Баласауысқандық» кен орнында ванадий-молибденді руданы автоклавты қайта өндеу өндірісі қосылды. Бірінші рет тау-кен металлургиялық кешенде техногендік қалдықсыз күрделі полиметалды минералдық шикізаттар терең өндірістік қайта өңдеуден өтуде. Шетелдік ұқсастығы жоқ, бұл қазақстандық технология, он үш өнертапқыш патенттерімен қорғалған. Қазақстандық метаванадат аммонийі, парамолибдат аммонийі мен СКЭ концентраттарының алғашқы тоннасы алынды. Осының барлығы Қызылорда қаласында ферроқорытпа зауытын салу қажетілігін көрсетуде.
Қазіргі уақытта, ферроқорытпа зауытының құрылысы бойынша жобаларды іске асыру мақсатында «Ningxia Baota Petrochemical Technology Industrial Development Co., Ltd» Қытай компаниясының Төрағасы (әрі қарай – «ВАОТА») Чжан Лижонгпен кездесу хаттамасы мен  өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Айта кетер жайт, «ВАОТА» компаниясы мұнай өңдеу және мұнай-газды машина жасау саласында белсенді жұмыс жасайды. Компанияның жылдық айналымы  20 млрд. АҚШ долларын құрайды. Қытайлық әріптестермен жасалған келісімге сәйкес, ферроқорытпа зауытының құрылысы бойынша жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге облыс әкімдігі 1 млн. АҚШ долларын, «ВАОТА» компаниясы 1 млн. АҚШ долларын бөледі. Сондай-ақ, «ВАОТА» компаниясы жобаның ТЭН 2 ай ішінде әзірлеуге және оны облыс әкімдігіне келісімге ұсынуды өз міндетіне алды. Қазіргі таңда потенциалды әріптестермен бірлескен кәсіпорын құру мен оны қаржыландыру жолдарын қарастыру мәселесі талқылануда.
Бұдан басқа, жобаны іске асыруға қызығушылық танытқан  «Черметинформация» ААҚ Ресей компаниясымен өзара ынтымақтастық жөнінде екіжақты меморандумға қол қойылып, олардың үлестік қатысуы бойынша белсенді келіссөздер жүргізілуде. Осы қолға алынған істер жақсы нәтижелермен аяқталса дейміз.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз