ИГІЛІКТІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛЫ

48

0

Елбасы
Н.Назарбаев еліміздің агроөнеркәсіп саласы алдына 2020 жылға қарай 4 есеге
арттыруды, ал ішкі рыноктың 80 пайызын отандық азық-түлік тауарлары есебінен
қамтамасыз ету жөнінде нақтылы міндеттер қойғаны белгілі. Үкіметке астық
саласын ұйымдастыру және құрылымдау, мал шаруашылығы¬н, жем-шөп өндірісі мен
шалғайдағы жайылымдық жерлерді игеру жөніндегі бағдарламаларды жасап, оның орындалуын
қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған орай, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға
бағытталған отандық және шетелдік тиімділігі жоғары технологиялар мен ғылыми
әзірлемелерді өндіріске жеделдете енгізіп, оларды пайдалану тәжірибесін
өңірлерге тарату мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК саласында білім
тарату орталықтарын құру жөніндегі жобаны жүзеге асырып келеді. Осы жоба
аясында, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
базасында осыдан 4 жыл бұрын «Қызылорда» білім тарату орталығы ресми ашылды.
Орталық сала мамандары мен фермерлергеоқытушылық және тә­жі­рибелік білім берумен айналысып келеді. Бұл
жаңа технологиялармен жұмыс істеуді, сол
арқылы өндіріс тиімділігін арттыруға және Үкіметтің қолдауымен іске асырылып
жатқан жобаны облыс­та жүйелі түрде іске асыруға атсалысатын жаңа құрылым.

Бүгінге
дейін аталған орталықта ұйымдастырылған семинарларға мың­нан астам ауыл
шаруашылығы саласының мамандары қатысып, өз біліктіліктерін жоғарылатты. Өткі­зілген
семинарларға талдау жасасақ, негізінен күріш өсіру технологиясы және
шаруашылықта инно­вациялық технологияларды қолдану, егін ша­руа­шылығын
әртараптандыру ба­ғыт­тарында ұйымдастырылды. Оған күріш өндірумен айналысатын
шаруашылықтардың агрономдары, сушыларымен қатар жеке қо­жа­лықтар басшылары
қатысып, тың ақ­па­раттар алды. Нақты кезеңде өңі­рімізді көкөніс-бақша,
жеміс-жидек дақылдарымен қамтамасыздау бағытында біршама жұмыстар ат­қа­рылуда.
Бүгінгі күні бұл саламен негізінен жеке қожалықтар мен кәсіпкерлер айналысуда.
Осыған орай семинарлар тақырыптарына жылыжай шаруашылығын дамыту, картоп және
көкөніс-бақша дақылдарын өсіруде су үнемдеу технологиясын қолдану бағыттары
енгізілді.

Соңғы
уақытта мал шаруашы­лы­ғын қайта жаңғыртуға бағытталған мем­лекеттік
бағдарламалардың ар­­қа­­сында осы саламен айналысатын шаруашылықтардың саны
өсу үстінде. Олар негізінен ет, сүт жә­не асыл тұқымды мал басын кө­бей­туге
бағытталған. Осыған орай орталықта мал шаруашылығын ұйым­дастырудың
инновациялық жолдары, асылдандыру және қолдан ұрықтандыру мәселелеріне орай
сабақ­тар ұйымдастырылып келеді.

Мәселен,
өткен жылы жоспарлан­ған 13 семинарға 285 тыңдаушының орнына 324 адам қатысты.
Бұл көр­сеткіш ауыл шаруашылығы маман­дарының жаңа технологияларға деген
қызығушылығын көрсетеді.

Мысалы,
алғашқы семинары «Аг­рарлық менеджмент және ауыл шаруа­шылығы кәсіпорындарын
бас­қа­ру» тақырыбына арналды. Онда ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық
даму жағдайы және оның негізгі проблемалары мен аграрлық саланы жүйелі түрде
дамыту жолдары назарға алынды. Аймағымыздың алдыңғы қатарлы өндіріс орны болып
саналатын «Абзал и К» толық серіктестігінде өнді­рістік тәжірибелік дәрістер
ұйымдастырылды.

Осылайша
білім тарату орталығы ауыл шаруашылығы саласындағы түрлі мамандардың бас қосып
пікір қосып, тәжірибе алмасатын ордасына айналды. Мәселен, «Егін ша­руа­шылығын
әртараптандыру, кү­ріш ауыспалы егіс жүйесін сақтау» тақырыбында суды аз
тұтынатын дақылдар ұсынылып, ғылыми негіздемелері талқыланды. Сондай-ақ, «Төрт түліктің асыл тұқымды
құндылықтарын бағалауды ұйым­дас­тыру және жүргізу» тақырыбында асыл тұқымды
мал шаруашылығын дамыту жолдары, мал будандарын бағалаудың тәсілдерін тео­рия­лық
және практика жүзінде ма­шықтандырылды. «Қызылорда» қа­ла­­лық ветеринарлық
станциясымен «Ақ­барыс» ШҚ-да далалық дәрістер ұйым­дастырылып, оған қырыққа жуық
мамандар қамтылды.

Бұндай
семинарлар қатарында «Дақылдарды зиянкестер мен аурулардан қорғау»,
«Көкөніс-бақша, картоп дақылдарын, жеміс ағаштары мен жүзімдіктерді тамшылатып
суғару технологиясы», «Ауылшаруашылық жануарларының инфекциялық, ин­ва­зиялық
және соматикалық ауру­ларының алдын алу және емдеу», «Малды қолдап ұрықтандыру
технологиясы» және тағы басқа тақырыптар бойынша келелі кеңестер, пайдалы
сабақтар өтті. Семинарлар соңы практикалық шаралармен жалғасын тауып, тыңдаушылар
білім мен тәжірибені ұштастыра білді.

Ы.Жақаев
атындағы Қазақ кү­­ріш шаруашылығы ғылыми-зерт­­теу институтына келген арнайы
қонақтар Білім тарату орта­лы­ғы­ның жұмыстармен танысып, тыңдаушыларға
дәрістерін оқып, тәжірибесімен бөлісіп кетеді. Мысалы, «Генетика. Қазақстанның
табиғи-климаттық жағдайына бейімделген қой тұқымдары» тақырыбында өт­кен шараға
Австралияның мал шаруа­шылығы бағытындағы сарапшысы Уильям Дейли қатысып,
жергілікті мамандарға теориялық-практикалық сабақтарымен бөлісті. Ол Жаңақорған
ауданындағы «Көбелдес» шаруашы­лы­ғында өткен далалық семинарда қой
шаруашылығын дамыту жолдарын талқылады.

Бүгінгі
жағдайға талдау жасай отырып, өкінішке қарай, біріншіден ауыл шаруашылығының
көптеген салаларында кадрлардың жетіспейдігін және ғылым өндіріспен әлсіз
байланыста екендігін көреміз. Сондықтан аграрлық бағдардағы ғылыми-зерттеу
институттарының жанында өкілеттік желілерін құру арқылы АӨК саласында Білім
тарату орталықтары осы жағдайды оңды шешуге барынша жұмыс істейтін болады.

Жанұзақ БАЙМАНОВ,

«Қызылорда»
БТО жетекшісі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз