ЕЛОРДА – ЕЛДІҢ ЖҮРЕГІ

89

0

ЕЛОРДА – ЕЛДІҢ ЖҮРЕГІҚарап отырсақ, әлемдiк тәжірибеде ұлттық мемлекеттердің жаңа даму
дәуірін айқындаған астаналарды көшіру мысалы аз емес. Бұрын мұндай ерлікке
Ұлыбритания барған болатын. Ал, ТМД елдерінің ішінде осындай жобаны іс жүзіне асыруға әлеуеті де, тәуекелі де жеткен
бірден-бір ел Қазақстан болып саналады. Астана аз ғана уақыттың ішінде салтанат
құрды және әлемге бүкіл елдің даму
әлеуетінің қуатын көрсетті. Бұл
ойдағыдай іс жүзіне асырылған стратегиялық мақсаттың алғашқысы еді.
Елорданы көшіру елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайтты. Қазақстан экономикасының
қарқынды өсуінде елорданың алатын орны айрықша. Ол дамудың даңғыл жолын
көрсетті. Еліміздің өзге қалалары да
оның салған сара жолымен жүруді мақсат етіп, алғашқы нысандарын көп
назарына ұсынуда. Астана тек өз елімізде болмаса, Орта Азия мемлекеттері
арасында ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі аты алысқа кеткен, тарих беттерінен
орын алған ірі қалалар көшіне ілескен
шаһар болып тұр.

Қазіргі таңда біздің елорданың аты Еуразия мен Солтүстік Америкадан 56 елдің мемлекет пен үкімет
басшыларын жинаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының
алғашқы саммиті өткізілген қала ретінде
тарихтан ойып тұрып орын алды. Тек соңғы төрт-бес жыл көлемінде ғана қалада VІІ
Азия ойындары, Бүкіләлемдік
туристік ұйымы Бас ассамблеясының ХVІІІ
сесиясы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің
ХХХVІІІ сесиясы өткізілді. Сонымен
қатар мұнда 2003 жылдан бастап әр үш жыл сайын
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті съезі өткізіледі.
Олардың Қазақстанға, оның халқына бейбітшілік пен өркендеу тілеген басқосуы осы кезге дейін төрт рет өткізілді.
Астанада мұсылман әлемінің беделді имамдары мен дін сөзін ұстаушылары бірнеше рет болды.

Болашақта
Астананы креативтi жасыл, яғни
экологиялық жағынан мұнтаздай таза қалаға айналдыру мақсаты тұр. Астана ерекше
сәулеткерлік, және табиғи-ландшафт аясындағы, кез келген жігерлі адамның өзіндік
зор шығармашылық әлеуе­тін жүзеге
асыруына көмектесетін нақ осы креативті
қала ретінде салынуда. Ежелгі дү­ниеде
Рим жеті төбеде орналасқан деген сөз бар, Мәскеу туралы да солай делінеді.

Ал Астана сегіз желдің өтінде тұр деп
айтуға әбден болады. Мұнда желдің соғысы өте жиі, тіпті оның бағыты күніне
бірнеше өзгереді. Алайда, зерттеушілер астаналықтардың ерік-жігері Сарыарқаның
жел қуатымен тең түсетінін сеніммен айтады. Сондықтан да жас елорданың аз уақыт
ішінде қол жеткізген табыстары соншама сәтті әрі ұлан-ғайыр болып отыр.
Мәселен, қала айналасында осында ауыстырылған алғашқы жылдары отырғызылған
«жасыл белдеу” ағаштарының бойы бірнеше метрге жетті, аймақтағы қолдан отырғызылған ағаштар аумағы 70 мың гектарға
жетерлік, оның 15 мың гектарға жуығы қаланың өз ішінде бой көтерген. Елбасының
«Жасыл көпір” жаһандық идеясы аясында табысты модель ретінде ұсынылған «жасыл құрылыс” жөніндегі өзіндік тәжірибесі
жинақталып, әлем жұртшылығына таратылуда. 2012 жылы бұл бағдарламаны, сондай-ақ
Жаһандық энерго-экологиялық стратегия жөніндегі қазақстандық бас­таманы
Рио-де-Жанейрода өткен бүкіләлемдік саммитке қатысушылар қолдады.

ЕЛОРДА – ЕЛДІҢ ЖҮРЕГІБүгінде бүкіл әлем Астананы «Болашақтың энергиясы” ұранымен өтетін
халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің қожайыны ретінде таниды. Астананың құқын
қорғау барысында ұсынылған бұл өтінімге алғашқыда әлемнің 100-ден астам
мемлекетінің өкілдері қолдау білдірді. Бертін келе, Жер шарының 150-ден астам
елі қатысуға тілек білдірген осы бүкіләлемдік шараға қазір дайындық жан-жақты
жүргізіліп жатыр. Жаңа көрме кешені орналасатын орын айқындалды. Қалалық
инфрақұрылымды 3 айдың ішінде 5 миллионға тарта туристі қабылдай алатындай етіп
дамыту туралы шешім қабылданды. Бүкіләлемдік көрмеге дейін тек баламалы энергия көздерімен қамтамасыз етілетін тұтас бір қала орамы тұрғызылмақшы.
Мәселен, мұнда 4 мың пәтер, зәулім
қонақ үй, Конгресс-холл, ұзындығы 500 метрлік, ішінде ойын-сауық және сауда орындары
орналасқан «жабық қала” болады. Басты
павильонның өзі диаметрі – 80 метр,
биіктігі 100 метр шар пішіндес болады, онда халықаралық павильондар
орналасады, барлық қажеті бар аллея жасалады. Көрме аймағында Қазақстанның
Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар,
сауда, ойын-сауық нысандары орналасады.

Қазақстан он жылдан астам уа­қыт
бойы кезең-кезеңімен ор­нықты
макроэкономикалық орта құр­ды, осы көрсеткіш бойынша 2013 жылы әлемде
23-орынды иелену арқылы
бәсекелестіктің жаһандық индексінде алғашқы отыздықтағы елдер қатарына енді. Соның нәтижесінде
Қазақстан Дү­ниежүзілік сауда
ұйымына кіруге дайындалуда. Бұл
инвесторлар үшін қосымша қолайлы
шарттар тудырады. Өйткені, елімізде
сауда, инвестиция, зияткерлік меншікті қорғау салаларында халықаралық ережелер қолданылады.

Жуырда әсем Астана әлем жұртшылығын тағы бір елеңдетті. Елорда төрінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин және Беларусь Президенті Александр Лукашенко кездесіп, Еуразиялық экономикалық
одақ құру туралы шартқа қол қойды. Бұл одақтың құрылуы елдер экономикасын жан-жақты жаңғыртуды
жалғастыруға, оларды әлемдегі жетекші орындарға шығаруға мүмкіндік береді.
Бүгінде үштік одақ бірлесіп,
экономикалық дамудың қуатты, тартымды орталығын, 170 миллионнан астам халықты
біріктіретін ірі өңірлік нарық құруға бет бұрды. Жоғары Еуразиялық экономикалық
кеңестің мемлекет басшылары
деңгейіндегі отырысы бұл елдерде
өнеркәсіпті дамытуға, индустриялық базаны, қуатты кадрлық саясатты, мәдени
әлеуетті жетілдіруге, тек өңірлік
емес жаһандық маңызы бар көлік-логистикалық бағдарлар қалыптастыруға,
Еуропа мен Азияның ауқымды сауда
жолдарын бағындыруға мүмкіндік беретінін баса көрсетті.

Бүгінде елорданы «Қазақ­стан-2050”
Стратегиясының өмірге жолдама
алған жері деп айтуға толық негіз бар.
Осы арада оның тұжырымдамалық негізі жасалды, ол көптеген сараптамалық
талқылаудан өтті. Осы жерден бүкіл халық назарына ұсынылды. Сонымен қатар,
еліміздің дамуы жөніндегі Жаңа саяси бағытты іс жүзіне асыру жөніндегі
басқару тетіктері Астанадан
таралуда. Қазақстанның зияткерлік ядросы да осында топтастырылған. Бұл арман
қала еліміздің ХХІ ғасырдағы креативті
экономикалық өсімін және әлеуметтік
жаңғыруын, оның ішінде «жасыл” экономиканы қамтамасыз ететін инновациялық
дамудың берік іргетасына айналды. Осы аймақтық және жаһандық саясаттың жаңа
полюстерінен елдің бүкіл әлемге
бағытталған батыл бастамалары туындауда. Ол G-GLOBAL қағидаттарымен
және әлемдік құрылымның тұжырымдамалық үлгі-қалыптарымен үйлесім тапқан.

Астана әлі де дамиды, ол бұдан да сымбатты, бұдан да заманауи болады. Қазірдің өзінде аспанмен таласқан 88
қабатты жаңа зәулім ғимарат Абу-Даби кешенінің, «Ритц-Карлтон” қонақ үйінің
құрылысы басталды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, «ЭКСПО-2017» ғимараттарының құрылысы бастау алды. Демек, өскелең ұрпақ
елорданың бай архитектуралық ансамбліне қызыға да қуана қарайтын кез алыс емес.
Болашақта ел астанасы құлашын кеңге жайып,
бұдан да көркейетін, көріктенетін
болады.

Астана – Қазақстанды әлемге та­нытқан, дамудың жаңа биіктеріне бастаған
халықты топтастырған бүкіл­қазақстандық жалпыұлттық идея. Ол қазақстандықтарды
өзіне тар­татын көрікті орталыққа, жалпыға бірдей қимас құндылыққа, айрықша
мақтанышқа айналды. Тәуелсіз Қа­зақстан, оның жаңа елордасы Астана барша қазақ
халқының, қазақстандықтардың тағдырына, бақытына айналды. Олай болса, Астананың
туған күні құтты әрі баянды болсын!

 

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз