МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АУЫЛ ӨНДІРІСІНЕ ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ

269

0

Газет
тілшісінің сауалдарына Қармақшы ауданының
әкімі Нәжмадин Шамұратов жауап береді.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АУЫЛ ӨНДІРІСІНЕ ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ– Нәжмадин Шәкизадаұлы, біз сізбен биылғы егін жинау науқаны
басталар тұста жүздесіп, әңгімелескен едік. Сол әңгіме барысында аудан
еңбеккерлерінің асыраушы саланы өркендету бағытында атқарып жатқан игілікті
істері туралы айтқан едіңіз. Сонымен егін жинау науқаны қалай қорытындыланды?
Ауыл шаруашылығының басқа салалары бойынша мемлекеттік бағдарламалардың
орындалу барысы туралы не айтасыз?

– Қазір егеменді еліміздің әлеуметтік жаңғыру ісіне жаңа
қадам жасаған, даму үдеріс­теріміздің жаңа қағидат­тарын белгілеп отырған ерекше кезең болып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың жуырда ғана халыққа арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” деп
аталатын Жолдауы әлемдік өркениетте елеулі орны бар, қарқынды дамып келе жатқан
еліміз үшін ерекше серпіліс туғызды. Әрине, жан-жақты сараптан өткізілген,
бүгінгі күрделі уақыттың мазмұнын елеп-екшеген Елбасының маңызды құжаты бізге
де келелі міндеттер жүктейтінін атап өткім келеді.

Аудан экономикасының көп­теген салаларында макро­эко­номикалық
көрсет­кіштердің өсуіне қол жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша үстіміздегі жылы барлығы 21403 гектар жерге
егіс егіліп, оның 14321 гектарына күріш
дақылы себілді. Өткен жылмен
салыстырғанда жалпы егіс көлемі 701 гектарға (103,3%), күріш көлемі 1145
гектарға (114,4%), артық орна­ластырылды.
Үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы тауар өндіру­шілеріне мемлекет тарапынан
қолдау көрсетіліп, 675 млн. теңге
көлемінде субсидия берілді.

Мемлекеттік қолдау көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 48,3
пайызға немесе 220 млн. теңгеге артып отыр.
Бұл агросекторды нығайтуға, өңірлерді өркендетуге мемлекет тарапынан
көрсетіліп отырған көмек пен жәрдемнің жылма-жыл жақсаруының айқын көрінісі
болып табылады.

Егілген 13143 гектар күріштің әр гектарынан 53
центнерден алынып, жалпы 69658 тонна Сыр маржаны қамбаға құйылды. Ауыл
шаруашылығы өнімдерінің ақшаға шаққандағы жалпы көлемі 5544,2 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті
кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға өсті.

Көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселе Қармақшы
ауылдық округіндегі «Қожантай» су тоспасы болатын. Осы мәселе көтеріліп, Ауыл
шаруашылығы министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы И.Әбішевтің
ауданымызға іс-сапары барысында нақты шешімін тапты. «Қожантай» су тоспасын
қайта жаңғырту құрылыс монтаж жұмыстарына «Казсушар» мекемесі арқылы 18 млн. теңге
қаржы бөлінді.

Мал басын көбейту мақса­тындағы жұмыстарға мемлекет
тарапынан түрлі бағдарламалар аясында қолдау көрсетіліп келеді. «Сыбаға»
бағдарламасы арқылы 250 бас аналық сатып
алып, тұқымдық түрлендіруге қатыстыру жоспарланған. Бүгінгі күнге 4 шаруа
қожалығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалынан 38 млн. теңге
несие алып, оған 206 бас аналық, 11 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. Сонымен қатар 1 шаруа
қожалығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалына құжаттарын өткізіп, 59 бас аналық, 3 бас асыл тұқымды бұқа алуды межелеп отыр.
Қазіргі таңда 5 шаруашылық субъектісі 123 бас аналық, 8 бас асыл тұқымды бұқа
алу мақсатында несие алуға «Қорқыт
елі» серіктестігімен жұмыс жасауда.

Жергілікті мал тұқымын асыл­дандырудың өнімділігі мен
сапасын жақсартуға байланысты «Казагромаркетинг» акционерлік қо­ға­­мының
ақпараттық талдау жүйесіне 15 шаруашылық енгізілді.

Тұқымдық түрлендіруге енгізіл­ген аналық саны 868 бас,
бұл жыл басындағы аудандағы ірі қара малы аналығының 7,6 пайызына жетті. Өткен
жылы 5,6 пайыз болған. Жылдың аяғына
дейін 9 пайызға жеткізіледі деген болжам бар.

Мал шаруашылығын қолдау бағытында мемлекет тарапынан 14,7
млн. теңге субсидия берілді.

«Құлан», «Алтын асық», «Ырыс» бағдарламалары аясында
Қармақшы ауылдық округі бойынша 1 шаруа қожалығы, Жосалы кентінен 2 кәсіпкер,
Ақтөбе ауылынан 1 кәсіпкер 120 бас бие алу мақсатында кепілдік құжаттарын
дайындап, тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Қой шаруашылығын
дамыту мақсатында Ақжар ауылынан 1 тұрғын 250-300 бас , Жаңажол ауылынан 1 азамат 40-50 бас қой алуға ниет білдіріп
отыр.

Сонымен қатар отбасылық тауарлы сүт фермасын ұйым­дастыруға
байланысты аудан тұрғындарына және кәсіпкерлерге бағдарлама талаптарын
түсіндіру жұмыстары кеңінен
жүргізілуде. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде өткен жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда мүйізді ірі қара басы 8,3 пайызға, жылқы 14,8 пайызға, түйе басы
1,1 пайызға өсті.

Ауылдарға
мамандарды тарту бағытында «Дипломмен-ауылға!»
бағдарламасы аясында 60 ма­манға 7,8 млн. теңге көтерме жәр­демақы
және 59 маманға тұрғын үй сатып алуға
162,2 млн. теңге несие берілді.

– Соңғы
Жолдауда Елбасы кәсіпкерлікті жандандыруға, индустриалды-инновациялық жобаларды
жүзеге асыруға байланысты көптеген міндет­терді атап көрсеткен бо­ла­тын. Мемлекеттік
бағдар­ла­малардың, жобалардың ауданда жүзеге асырылу барысы туралы не айтасыз?

– Өндіріс
көлемін ұлғайту жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауданда LNG газ өндеу зауытын салу жоспарлануда. Жоспар
бойынша 2016 жылы құрылысты аяқтау
көзделген. Аталған зауыт іске қосылғанда
250 жаңа жұмыс орны ашылады.

Қытай
компаниясының филиалы «Weizhong Petroleum Refining and Energy Company Ltd» серіктестігінің «Мұнай газ өндіру зауытының
құрылысы» жобасын іске асыру
жоспарлануда. Зауыт алдын ала есеппен жылына 250 мың тонна ЕВРО-3,
ЕВРО-4 стандарттағы жанар-жағармайларын,
және 1,4 млн. тонна мазут, 2,9 млн. тонна дизель майларын өндіретін
болады.

Есепті
кезеңде тіркелген шағын субъектілердің саны
өткен жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда 13,3 пайызға, онда жұмыспен қамтылғандар саны 13,7 пайызға артты. Шығарған өнім көлемі
9,5 пайызға, бюджетке түсірілген салықтар мен алымдар 3,8 пайызға өсіп отыр.

«Үдемелі
индустриялық-инновациялық даму» бағдар­ламасы аясында ағымдағы жылы 3 жоба
ұсынылып, олардың 2-і аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен мақұлданды.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АУЫЛ ӨНДІРІСІНЕ ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІАтап
айтқанда, «Мир-2001» серіктестігін «Заманауи технология ендіру арқылы бетон
бұйымдары цехы» жобасы бойынша Германия мемлекетінен жаңа үлгідегі тротуарлық
плитка, бордюр шығаратын зауыт алдырды. «Бизнестің жол картасы-2020»
бағдарламасы аясында 64,0 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып өндірісін жанғыртуда.

Ақай ауылдық
округінен жеке кәсіпкер Ф.Шенеусізованың құны 23 млн. теңге құрайтын
«Автоклавтық емес газ-бетоннан блок дайындау цехын құру» жобасы қолға алынды.

Қалған бір
жоба эксперттік комисиясында қаралып, құжаттары аймақтық үйлестіру кеңесінде
рәсімделуде. Ол жеке кәсіпкер Г.Бертілеуованың
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық автодәліз бойынан «С»
категориялы сервистік қызмет көрсету кешені» жобасы болып табылады.

Сонымен бірге
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде ұсынылған 3 жоба
кеңестің шешімімен мақұлданып, қаржыландырылды.

Қазіргі
уақытта екінші деңгейлі банктерде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы
аясында 8 жобаның құжаттары қаралып, қаржыландыру мақсатындағы жұмыстар
жүргізілуде. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша
қосымша 11 жобаның құжаттары дайындалғанын атап өткім келеді.

Ауданда
кәсіпкерлікті қолдау және кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында Қызылорда
облысының кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы және «Даму» кәсіпкерлікті
дамыту қоры АҚ «Кәсіпкерлікті қолдау орталығы» ашылып, жұмыс жасауда. Қазіргі
таңда кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілері аудан тұрғындарына
бизнес-жоспар жасау, екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеу, бизнесті заңды
түрде тіркеу және оны дамыту үшін қажетті ақпарат беріп, аудан тұрғындарына
тегін қызмет көрсетуде. Ауылдық округі әкімі аппараттарына кәсіпкерлікті қолдау
дамыту мақсатында 12 штат бірлік берілді.

Облыс
әкімінің тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлікті
дамыту мақсатында барлық аудан орталықтарында индустриялық аймақтар ашу
тапсырылған болатын. Оларға өндіріспен айналысатын кәсіпорындар мен кәсіпкерлік
субъектілерін шоғырландыру жоспарлануда.

Осы мақсатта
Индустриялық аймақ үшін жер учаскелеріне жер пайдалану құқығы табысталды.

Оның
біріншісіне аудандық бюджеттен 9,6 млн. теңге бөлініп, индустриялық аймақтың
жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып қажетті инфрақұрылым жүйелерін жеткізу
үшін қаржы бағыттау мәселесі аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен мақұлданды.
121,3 млн. теңгеге бюджеттік өтінім Өңірлік даму министрлігі жанындағы Кәсіп­керлікті
дамыту комитетіне өткізілді.

Индустриялық
аймақта «Териос» ЖШС-ның «Иінді трубалар шығару цехы» жобасы, жеке кәсіпкер
Қ.Досмұратовтың «Кондор-1» қондырғысымен қабырға блоктарын шығару және тротуар
плиткасын шығару цехы, жеке кәсіпкер Ж.Бұқпанованың «Профнастил шығару цехы»,
жеке кәсіпкер Б.Өтегеновтың «Целлофан пакет шығару цехы» орналастыратын болады.
Қазіргі уақытта олардан ұсыныс түсіп, құжаттары облыстық аймақтық үйлестіру
кеңесіне өткізу үшін әзірленуде.

№2
индустриялық аймаққа аудандық бюджеттен
10,8 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта «Инженерное изыскание и К» ЖШС жобаны
мемлекеттік сараптамаға өткізді.

Сондай-ақ, №2
индустриялық аймақта тамақ өнімдерін өндіретін және қызмет көрсету саласындағы
кәсіпорындар орналасатынын атап өткім келеді.

– Келесі
сұрақтың реті ауылдағы инфрақұрылымдардың жай-жапсарына қатысты болып отыр.
Себебі, инфрақұрылым өзіңізге мәлім, халықтың күнделікті көңіл күй сезіміне
әсер ететін маңызды салалардың бірі. Осы орайда жалпы, аудандағы автокөлік
жолдарын жөндеу, ауыз су мәселесін шешу бағытындағы жұмыстар барысы туралы не
айтар едіңіз?

– Соңғы
уақытта барлық елді мекендердің жол жөндеу жұмыстары бұрынғы кездегіден де
қарқынды жүргізілуде. Аудан орталығында, Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун
ауылдық округтері бойынша бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылды. Нақты
айтқанда, облыстық бюджеттен бөлінген 130 млн. теңгеге көптеген ауылдық
округтердің көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жасалды. Мұндай жұмыстар Төретам
кенті бойынша да атқарылды. Сонымен бірге Төретам кентінің 20 көшесін
жарықтандыру мақсатында 200 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, күн сәулесінің
қуатымен жұмыс жасайтын 537 шам орнатылуда.

Мемлекеттік
«Ақбұлақ” бағдар­ламасы шеңберінде биыл­ғы жылы барлығы 445 млн. теңгеге 3 жоба
жүзеге асырылды. Жосалы кентінде, Ақай елді мекенінде, Тұрмағанбет ауылында
сумен жабдықтау жүйелері жаңғыртылатын болады. Бұл жұмыстар негізінен 2015 жылы
аяқталады. Ауыз су, әлгі өзіңіз айтқандай, басқа да инфрақұрылымдардың сапалы
салынуы тұрғындардың көңіл күйіне оңды әсер етеді. Мемлекет тарапынан бөлініп
жатқан қаржылардың уақытында игерілуі, сонымен бірге жұмыстардың сапалы
атқарылуы аудан әкімшілігінің тұрақты назарындағы басты мәселе болып табылады.
Оған елді мекендерді абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын қосыңыз.
Аталған бағыт бойынша да ауданда қыруар жұмыстар атқарылғанын, атап өткім келеді.

Қорыта
айтқанда, ауданда Елбасының атап көрсеткен басты міндеттерін жүзеге асыру
бойынша мәдениет, білім, денсаулық сақтау салаларында да біршама жұмыстар
атқарылуда. Осыдан біршама уақыт бұрын өкілетті орган өкілдерінің алдында
берген есебімде де аталған жұмыстарға тиісті баға берілді. Әрине, барлығы толық
жүзеге асырылды деген ой айтудан аулақпын, дегенмен, көпшіліктің бағасына
қанағат сезімін білдіруге болады.

Әңгімелескен Жолдасбек АҚСАҚАЛҰЛЫ.

Қармақшы
ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз