Нәтижені күзде таразылайды

55

0

Нәтижені күзде таразылайдыАймақта
бүгінгі күнге кү­ріш дақылының
43608 гектары (54,8%) орылып,
31919 гектары(40,1%)  бас­тырылды және орта өнім
гектарына 45,1 центнерден келуде. Егін орағында Сырдария, Жалағаш аудандары көш
бастап келеді. 
Яғни, бүгінгі күні Сырдария ауданы 38395 тонна күрішті қамбаға
құйып үлгерсе, Жалағаш ауданы 379222 тонна Сыр саласын жинап алды.
Тиісінше қос
аудан гектарына орташа 48-46 центнерден өнім жинауда. Диқандар үшін алтын
күздің нәтижесі енді басталды. Жылдағыдай науқанды ерте аяқтайтын шиеліліктер
жалпы орымның 71 пайызын еңсеріп, күрішінің 65 пайызын бастырып қойды. Қар­мақшы,
Жаңақорған, Қа­­залы, Қызылорда диқан­да­ры да 40-60 пайыз ара­лы­ғында күріш
орылымын жақындатып келеді. 

Үстіміздегі жылы Жаңақорған
ауданының диқандары 32 мың гектар жерге түрлі дақылдарды орналастырды. Ауданда
ауыл шаруашылығымен шұғылданатын 
628  құрлымның 437-сі тұрақты
айналысып келеді. Өңірдегі жалпы егіс көлемінің ішінде
7738 гектарыаймағымыздың басты дақылы – Сыр салысы. Дақылдарды уақы­тылы суғару, ­минералды
тыңайт­қыштармен мерзімінде қоректендіру, басқа да агротехникалық шара­лар
тиісінше өткізіліп, нақты ке­зеңде аталған дақылды жинау жұ­мыстары қауырт
атқарылуда. Мәселен, апта басындағы мәліметке қарағанда аудан шаруашылықтарында
күріштің жартысына таяуы орылды. Бұл орайда Бабан Құтыбаевтың басқаруындағы
Келінтөбе ауылдық округі жеріне күріш еккен «Ынтымақ» шаруа қожалығы, Қаратөбе
ауыл­дық округіндегі Құлмағанбет Иса­хановтың 
басшылығындағы «Сұң­қар» шаруа қожалығы, Нәмәтулла Рүстемов  төрағалық жасайтын «Түгіс­кен» шаруа қожалығы
және Қожакенттегі «Жаңажол-Ажы» шаруа қожалығы, Өзгент ауылдық округіндегі
«Өзгент-С» шаруа қожа­лықтары ұйымшылдық танытып келеді. Сондай-ақ, 3 мың
гектарға таяу күріштік бастырылды. Әзірге орта өнімнің түсімі 38,8 центнерді
құрап отыр. Алдағы орақ барысында өнім түсімі мұнан көтеріледі деген үміт бар.

Оңтүстік ауданда үстіміздегі жылы
1553 гектар бақша,
630 гектар көкөніс және
424 гектар картоп
егілді. Бұл дақылдардан қазіргі уақытта тиісінше, 1021 тонна, 440 тонна, 156
тонна өнім жиналуда.

Жаңақорғандықтардың ­сонау сек­сенінші
жылдары күздік ­бидайдан мол өнім алумен жақсы аты шыққаны көнекөздердің есінде,
сол үрдісті жалғастырушы ізбасарлары қазірде жеткілікті. Мәселен, аудан бойынша
1240 гектаркүздік бидай егілген еді, одан орташа 20 центнерден өнім алынып, барлығы 2480
тонна астық қамбаға құйылды, немесе нарықтық қатынас талабына сай саудаға
шығарылды. Күздік бидайды егіп, күтімге алуда Қыркеңсе және М.Нәлібаев атындағы
ауыл диқандары шалымдылық танытып, орташа 25 центнерден өнім алуға қол
жеткізді. Ал шамалы көлемдегі жаздық бидайдан аудан еңбеккерлері 18 центнерден
орта өнім алды. Мұнда Жаңарық ауылдық округі шаруа қожалықтарының еңбек
көрсеткіші жоғары.

Ауданда дақылдарды тамшылатып суару
арқылы көкөніс егу үрдісі қолға алынуда. Биыл­ғы жылы «Бесарық» бекеті маңына
қызанақ орналастырған «Қызылорда Агро плюс» ЖШС қара­мағындағы
2 гектар жерден мол өнім
алды. Олар әр гектардан 90 центнер қызанақ жинады. Көкөніс егуден біраз
тәжірибе жинақтаған «Тату-агро» ЖШС-ның да 
еңбек көрсеткіші жоғары.

Міне, қыркүйек айы орталанды.  Егіс алқап­тарында қызу еңбек жүріп жатыр.
Диқандар қауымының ала жаз бойғы терінің өтеуі таразыға түсер күні де алыс
емес. Бастысы – ауыл адам­дарының ұйымшылдықпен жұмыс жасап, ел дамуына үлес
қосуға деген ынта- жігерінің мықтылығы дер едік.

 Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Жаңақорған
ауданы. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз