ОРТАЛЫҚТА АЛҒАШҚЫ СӘБИ ӨМІРГЕ КЕЛДІ

313

0

Облыстық Ана мен бала орталығында алғашқы сәби дүниеге
келді.

Дүйсенбі күні шие­лілік Дана есімді аза­матша
салмағы 3 келі 300 грамм тартатын ұл ба­ланы өмірге әкелді. Сә­бидің ата-анасы
бала­ла­рына Қырымбек деп ат қойып отыр. Халқы­мызда ел-жұртына
сыйлы кісілердің есімдерін соларға ұқсап жақсы азамат болсын деген ырыммен
нәрестелерге қоятын салт бар. Кішкентай Қырымбектің ата-анасы да сәбилерінің
есімін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың құрметіне атапты. Бүгінде ана мен
баланың жағдайы жақсы.

Ана
мен бала орталығы ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға берілген болатын.
200 төсекке арналған бұл орталық өңірде мамандандырылған медициналық көмек
көрсетуді үйлестіруші үлкен орын болып табылады. Заманауи жарақтанып,
жабдықталған орталықта талай сәбидің
дүниеге келері сөзсіз. Әзірге бұл біріншісі.

 

Барлыбек
БАТЫР.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз