Отбасылық бизнес әйелдердің іскерлігін арттырады

54

0

Жуырда облыс әкімі жанындағы әйелдер
істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы
өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы Рауан Кенжеханұлы қатысты.

 

Аталған
комиссия жаңа мүшелермен толығып, оның құрамына облыстық мәслихат депутаты,
мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру өңірлік орталығының директоры Р.Ысқақова облыстық жұмыспен қамтуды үй­лестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқар­масы басшысының орынбасары А.Есқараева,
облыстық кәсіпкерлік палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы
Ж.Аманова, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының
директоры Ж.Тұсмағанбетов енді.

Комиссия отбасылық бизнесті дамыту және
индустриялық-инновациялық дамуға әйелдердің қатысуын ұлғайту бойынша атқарылған
жұмыс­тарды талқылады. Осы тақырыпта облыстық индустриялық-инновациялық даму,
кәсіпкерлік және туризм басқармаларының, Арал аудан­дық әйелдер істері және
отбасылық-демогра­фиялық саясат жөніндегі комиссияның есептері тыңдалды.

Облыстық индустриялық-инновациялық да­­му
басқармасының басшысы М.Имандо­сов­­­тың мәліметі бойынша Үдемелі индустрия­лық-инно­вациялық
даму мемлекеттік бағдар­ла­ма­ның бірінші және екінші бесжылдығы аясында өңірде
84,9 млрд теңгенің 24 жобасы іске қосылды. Бағдарламаның екінші бесжылдығы
аясында облыста жалпы құны 459,2 млрд теңгені құрайтын 44 жоба іске асырылуда.
Жалпы 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылса, оның 30 пайызға жуығы әйелдерге лайықты
мамандықтар болады деп жоспарлануда.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бас­қар­масы
басшысының орынбасары Ғ.Мұста­фаев облыста отбасылық бизнесті дамыту және
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар жөнінде
баян­дады. Өткен жылдың қорытындысымен өңірде аталған бағдарлама аясында 47
әйел-кәсіпкер несие алып, жұмысын жүргізуде.

Арал ауданы әкімінің орынбасары, аудандық
комиссия төрайымы Ж.Әлішева комиссияның 5 бағыты – шешім қабылдау деңгейінде
әйелдерді ілгерілету, отбасы институтын нығайту, эконо­ми­калық дамуда
әйелдерді кәсіпкерлікке тарту, әйелдер мен балаларға қатысты зор­лық-зомбы­лықтың
алдын алу және халық ден­сау­лығын сақтау, оның ішінде ана мен бала денсаулығын
нығайту, ауданда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Комиссия отырысының қорытындысымен облыстық
индустриялық-инновациялық даму басқармасына облыстың өнеркәсіп саласында әйел
басқаратын кәсіпорындар бойынша дерек­қор әзірлеуді, облыстық кәсіпкерлік және
туризм басқармасына отбасылық бизнесті дамы­ту бойынша кешенді жоспар әзірлеу
тапсы­рылды.

Қызылорда қаласы және аудандық комис­сияларға
аталған 5 бағыт бойынша жұмысты жалғастыруды, әлеуметтік тапсырыс негізінде
отбасы институтын, гендерлік саясатты жүзеге асыру бойынша үкіметтік емес
ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасау жүктелді. Сонымен қатар, «Мерейлі отбасы»
республикалық конкурсына үлгілі, көпбалалы отбасылар қатысуы үшін насихат
жұмыстарын жүргізу керек.

Комиссия төрағасы қоғамдық негізде жұ­мыс
жасайтын «Көшбасшы әйелдер мектебі» құрыл­ғанын айтты. Бұл мектеп әйелдердің
қоғам­ның барлық салаларына араласуына, жеке басының өсуіне ықпал жасайтын
болады. Мек­теп жетекшісі болып кәсіпкерлік палатасы жанындағы Іскер әйелдер
кеңесінің мүшесі, «Цесна банк» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалы
директорының орынбасары А.Шеген­ова бекітілді. Бүгінде мектеп кәсіпкерлік
палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесімен бірлесіп өңірдің қыз-келіншектеріне
«Мен табыстымын» бағдарламасымен тренингтер өткізіп келеді.

Комиссия мүшелеріне Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығына
орай Ұлттық комиссия жария­лаған «25 пайдалы іс» республикалық акциясы аясында
көпшілік іс-шаралар немесе қайырымдылық акциясын ұйымдастыру жө­нінде ұсыныс енгізілді.

 

Гүлжазира
ЖАЛҒАСОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз