ӨҢІР ДАМУЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІП СЕРПІНІ

51

0

Қазір әлемді дағдарыс лебі шарпып тұрғаны шындық. Алайда
бұл бір қазақтың басындағы мәселе емес, әлемнің барлық елдеріне тән құбылыс. Сондықтан
да «Көппен көрген ұлы той” деп сабырлылықпен ынтымақтаса тіршілік ету арқылы бұл қиыншылыққа төтеп беруге болады деп
ойлаймыз. Сәл шегініс жасасақ… Қазақстан осы қиын кезеңге дес бермеуге жыл басынан
дайындала бастады.

 

Былтырғы Жолдауында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев:
«Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар
жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді.
Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты
мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халық қана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік
экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын
орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді.
Нәтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға
құлдырауда» деп ондағы қауіпті ескертті. Елбасы жуырдағы Үкіметтің кеңейтілген
отырысында да экономика әлеуетін таразыға салды. Үкімет мүшелеріне қатаң
тапсырмалар берді. Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болары анық, сондықтан осы
талап тұрғысында барлық азаматтарға ынтымақтаса жүріп, бірлесе еңбек етудің
жаңа жолдарын іздеуге тура келеді. Осындай оңды әрекеттерді Жаңақорған
ауданындағы өндіріс орындарының жұмыс ұйымдастыру барысынан аңғарғандаймыз.

Білікті маман, қабілетті ұйымдастырушы Мәдіхан
Бекжанов басшылық жасайтын химиялық өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы аясында
ауқымды шаруалар атқарып келе жатқан «СКЗ-U» ЖШС жаңа технологияларды тиімді
пайдалана отырып, өндіріс ауқымын ұлғайта түсті. Онда жылына 500 мың тонна
күкірт қыш­қылы өндіріледі. Соңғы мәліметтеріне қарағанда, 400 мың тоннаға таяу
өнім тиісті жерлерге жіберілді. Аталған күкірт қышқылы зауытында негізгі
өніммен қатар 15-16 мВт электр қуаты пайдалану үстінде.

Осындағы қызмет
ететін жұмысшы-қызметкерлерінің басымы жергілікті тұрғындар болып келетін
Кейден ауылының әлеуметтік жағдайына көмектесіп отырады. Ұзақ уақыттан бері
шешімін таппай келе жатқан аяқ су мәселесіне нақты көмек беруден тартынған
емес.

Ондай-ақ, ауданда индустрияландыру жобасы лайықты
жалғасын тауып келе жатыр. Осы аталған өңірліккарта жобасына ауданнан 4 жобакірді, оның жалпы құны 1,747млрд. теңге. Олар: қиыршық тас зауыттары
«Казпром-Қызылорда Компаниясы» ЖШС, «КДСМ Қыран» ЖШС, «УАД» ЖШС және томат
өнімін өндіретін «Тату Агро» шаруа қожалығы. Сонымен қатар
индустрияландырудың республикалық картасына жоғарыда атап айтылған күкірт
қышқылын өндіретін «СКЗ-U» ЖШС-ның жалпы құны 32,5 млрд теңге тұратын бір
жобасы енген.

Бұл компаниялар заман талабына сай жаңа технологиялар
мен құрал-жабдықтарды қолдану арқасында зор табыстар әкеліп отыр. Жалпы ауданныңдамуында негізгі күшжоғары технологиялық өндірістердіқұру арқылы ауданныңминералды ресурстарды игерубазасында өңдеуші өндірістердікөтеруге салынады.

– Алдағы жылдары, индустриалды-иннова­циялық дамудың
екінші бесжылдығында ауданда бірнеше
инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда. «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ
«Тау-кен Самұрық» АҚ меншігіне өтті. Кеніштен кен өндіру және байыту фабрикасын салуға дайындық жұмыстары
басталды. Мұнан басқа «Сырцементі» серіктестігінің қуа­­ты жылына
750 мың тонна өнім шығаратын зауы­тының құрылысы, «Южшахтострой» ЖШС-ның қуаты
75 мВт жел-электр станция­­сы, «Жаңақорғанэнерджи» ЖШС-ның қуаты 50 мВт
күн-электр станциясы, «Global Enerjy Com­­pany»компаниясының Шалқия және Жайыл­ма елді мекендері аралығындағы Жанбай
өңі­рін­де салынатын қуаты 24,94 мВтжел-күн электр­­станциясы инновациялық жобасы, «Астана LPS пласт» серіктестігінің полиэтилен трубалары
зауыты жобаларын іске асыру
жоспарлануда. Жоба бастамашыларымен жобаны нақтылау жұ­мыстары жүргізілуде, –
дейді аудан әкімінің орын­басары Серқожа Ыдырысов.

Өңір дамуындағы өнеркәсіп серпіні аймақтың дамуына
айтарлықтай әсер етері түсінікті.

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Жаңақорған
ауданы.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз