ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ӨРКЕНДІ ЖЕМІСІ

96

0

Қызылорда облысының 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Жалпы өңірлік өнім
2013 жылдың 9 айындағы Қызылорда облысында өндірілген жалпыөңірлік өнімнің көлемі 942,9 млрд. теңгені құраған, бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7% өскенін көрсетеді. Республикадағы аймақтың жалпыөңірлік өнім үлесі 4,1 пайызды құрады. Облыс экономикасының жетекші саласы өнеркәсіп болып табылады. 9 айдағы өндіріс өнімінің үлесі 48,5% болса, оның ішінде 44,7 пайызы кен өндіру өніміне тиесілі. Жан басына шаққанда жалпыөңірлік өнім 1288,3 мың теңгені құрап, елімізде осы көрсеткіш бойынша тоғызыншы орынға тұрақтаған.   
Өнеркәсіп өндірісі
Былтырғы жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 1348,4 млрд. теңгеге айналған. Нақты көлем индексі алдыңғы жылғы деңгейден 0,1% артқан. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 0,6% кемісе,  өңдеу  өнеркәсібінде өсім 19,3%,  электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауда өсім 14,7%  құрады. Қара алтыны мол аймақта өнеркәсіп өндірісінің  84,4% мұнай өндірісі үлесіне тиесілі. Республика бойынша мұнайдың 13,0% біздің облысымызда өндіріледі. Сондай-ақ, ақталған күріштің 92,4%, күкірт қышқылының 17,2% және пластмасстан жасалған құбырлардың 7,0% аймақ кәсіпорындарының үлесінде. 
 Ауыл шаруашылығы
2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айында ауыл шаруашылығы саласы жалпы өнім бойынша 48,2 млрд. теңге пайда тапқан. 2012 жылмен салыстырғанда 0,8% жоғары. Оның ішінде, егін шаруашылығы – 30,3, мал шаруашылығы – 17,3, қызмет 0,5 млрд. теңгені құраған.
Мал шаруашылығы
2014 жылдың 1 қаңтарына шаруашылықтың барлық санаттарындағы мал басы өткен жыл кезеңімен салыстырғанда біршама азайғанын көреміз. Атап айтсақ, ірі қара мал саны 1,0 пайызға (240,8 мың бас), қой мен ешкі 93,2% (581,2 мың бас), шошқа 22,5% (2,4 мың бас), жылқы 0,2 пайызға (75,2 мың бас), түйе 0,2% (33,4 мың бас), құс 23,8 пайызға (91,1 мың бас) кеміген. Ірі қара малы Қазалы, Қармақшы және Шиелі ауданында, қой – Қызылорда, Арал, Қазалы, Қармақшы және Шиелі ауданында, ешкі – Қызылорда қаласынан басқа барлық аудандарда, жылқы Жалағаш, Жаңақорған, Қармақшы, Сырдария және Шиелі ауданында, түйе Жалағаш, Қазалы ауданында мал бастарының кемігендігін көрсетеді. Облыс бойынша халықтың жан басына шаққанда ет өнімі тірідей салмақта – 42,9 келі, сиыр сүті – 105,1 келіде өндірілді. 
Егін шаруашылығы
2013 жылы өңір бойынша 295,1 мың тонна дәнді дақыл жиналды. Оның  97,8% күріш, яғни 288,6 мың тонна өнім алынды. Ашық топырақта өсірілген 107,9 мың тн. көкөніс, 124,1 мың тн. картоп және 155,4 мың тн. бақша дақылдары жиналды. Дәнді дақылдардың негізгі бөлігі Жалағаш (жалпы түсімнің 25,5%) пен Сырдария (24,8%) ауданында өсірілген. Ашық топырақта өңдірілген көкөністерден ең көп бөлігі Шиелі (19,9%) және Жалағаш ауданында (16,0%), картоп – Шиелі (23,3%) және Сырдария ауданында (22,5%), бақша дақылдары Шиелі (27,3%) және Жаңақорған ауданында (19,0%) жиналды. Дәнді дақылдардың жартысынан көбін ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өсіріп, жинады. Ашық топырақта өсірілген көкөніс, картоп және бақша дақылдары жеке шаруашылықтарда жиналды. Олар жалпы түсімнің барлық көлемінен сәйкесінше 97,7%, 97,9% және 87,7 пайызын құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар
Жылан жылының қаңтар-желтоқсанында негізгі капиталға салынған инвестициялардың  көлемі, бағалау есебімен 371,3 млрд. теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық. Шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаттары құйылған инвестициялардың басым көздері болды. Инвестицияның көлемі бір жыл ішінде 44,9% көбейіп, 237,8 млрд. теңгені құрады. Пайдалану бағыттары бойынша едәуір үлесі көлік және қоймалауға (45,8%) құйылған. Инвестиция Қызылорда қаласына (48,4%) және Арал ауданына (13,7%) көп тартылған.
Құрылыс
2013 жыл ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі, бағалау есебімен 150,1 млрд. теңгені құрады. Бұл цифр 2012 жылмен салыстырғанда 16,7% артық. Қарқынды құрылыс жұмыстарының едәуір үлес салмағы 4748,1 млн. теңгені (28,3%) құраған. Оны жол және автомагистраль құрылысының жоба жұмыстары алады. Былтырғы жылы 1882 жаңа ғимараттар салынса, олардың 1812 тұрғын үй және 70 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар. Жыл басынан бастап 16 мектеп, 4 мектепке дейінгі мекеме, 16 амбулаториялық мекеме іске қосылған.
Тұрғын үй құрылысы
Жалпы пайдалануға берілген тұрғын үйдің алаңы 270,3 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде – 225,7 мың ш/м жеке тұрғындармен салынды. Тұрғын үй құрылысына 13,6 млрд. теңге құйылған. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңының едәуір үлесі Қызылорда қаласына (51,5%) тиесілі.
Ішкі сауда
Бөлшек сауданың көлемі  131,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 15,2 пайызға өсті. Республика бойынша бұл көрсеткіш 12,8%. Халықтың жан басына 179,3 мың теңгеге тұтыну тауарлары сатылған. Көтерме сауда 92,2 миллиард немесе өткен жылғы деңгейден 1% өскен.  Қоғамдық тамақтандыру қызметтер көлемі 9,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,9% өскен. 
Өзара сауда
Қаңтардан қазан айына дейін Кеден Одағы елдерімен өзара сауда 64,5 млн. АҚШ долларын құраған. 2012 жылғы қаңтар-қазан айындағы саудаға қарағанда 30,3% азайған. Оның ішінде экспорт  5,8 пайызға өсіп, көлемі 6,2 млн. АҚШ долларына жетті, ал импорт 32,8% түсіп, 58,3 млн. АҚШ долларын құрады. Импорттың түсуі, кәсіпорындар негізінен тауарларды ішкі нарықтан сатып алғандықтан. Барлық экспорт көлемі және импорттың 97,6% Ресей Федерациясына тиесілі.
Ресей және Беларусь елінен үлкен көлемде машиналар, жабдықтау, транспорттық құралдар және аппараттар (Кеден Одағы елдерінің импорттың жалпы көлеміне 49,7%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,8%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (10,4%), құрылыс заттары (9,7%) және тағы басқа тауарлар әкелінген. 
Көлік
Облыста көлік қызметі бойынша жүк тасымалдау көлемі 106,1 млн. тонна жүкті құрады, салыстырмалы түрде алсақ өткен 2012 жылдан 7,9 пайызға жоғары. Былтырғы 12 айда аймақта автомобиль көліктерімен 251,3 млн. жолаушы тасымалданып, жол жүру 8,2 пайызға өскен.
Байланыс
Байланыс кәсіпорындары жедел қызмет барысында бұқараға 4,7 млрд. теңгеге (10,9% артық) қызмет көрсеткен. Халыққа көрсетілген байланыс қызметтерін өткізуден түскен табыстар 3,1 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы көлемнен 14,8 пайызға жоғарылаған. Жаңа технологияларды енгізу арқасында Интернет қызметін қолданушылардың саны көбеюде. Абоненттер саны алдыңғы жылға қарағанда 20% өсіп, 38,5 мың бірлікті құраған. Олардың саны ауылдық жерлерде 16 мың бірлікті құрайды. 
Туризм
Туристік саяхатты ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді ұсынатын субъектілердің барлық саны  облыста 69-ға жетті. Өткен жылға қарағанда 18 бірлікке көбейген. 2013 жылдың 9 айында туристік қызметтен барлығы 28019 адамға қызмет көрсетіліп, турсервис 18,8 пайызға өскен. Орындалған жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемі 598,8 млн. теңгені құрайды.
Шағын және орта бизнес мониторингі
Статистикалық тіркелім деректері бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарына дейін облысымызда шағын бизнестің бес мың кәсіпорны тіркелген. Аймақ басшысының шағын және орта кәсіпті қолдауы аясында кәсіпкерлік 9,3% жоғарылаған. Тіркелгендердің 62,9% (3196 бірлік) жұмыс істеп тұрған  кәсіпорын болып табылса, 2106 кәсіпорын (жұмыс істеп тұрғандарының 65,9 пайызы) белсенді болып табылады. Аймақтар бойынша кәсіпорындарының көптігі жағынан Қызылорда қаласы (79,5%), Шиелі (5,8%), Қазалы (3,4%) ауданына тән. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіруі 249,3 млрд. теңгені құрап, 0,9 пайызға өскен. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 25,8 мың бірлікті құрап (оның ішінде, заңды тұлғалар 2,3 мың, жеке кәсіпкерлер 22,1 мың, шаруа қожалықтары 1,4 мың). Өткен жылдың осы кезеңінен 12,7 пайызға өсті, ал жұмыспен камтылғандар саны 74,4 мың адамға жетіп, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106 пайызды құрады.
Баға
Тұтыну тауарлары мен қызметтер индексі былтыр 103,7% құрады. Азық-түлік тауарлары бағасы 3,0%, ақылы қызметтер 4,5%, азық-түлік емес тауарлар 3,6% жоғарылағаны байқалды. Бағаның өсімі сүт, ірімшік және жұмыртқада 6,7%, жарма өнімдерінде -2,9%, балық және теңіз өнімдерінде -3,2%, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдерінде 9,4% көтерілсе, жаңа піскен көкөністер мен жемістер керісінше 4% төмендеген. Ал, киім және аяқ киімге баға өсімі 5,2% болып белгіленді. Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның өзге де түрлерінің бағасы 2,7%, оның ішінде электр энергиясы 8,9%, бөлінетін желілер бойынша тасымалданатын газ 0,2% көтерілген. Сондай-ақ, телефон үшін абоненттік төлем бағасы 20%, көлік қызметі 3,2%, мейрамханалар мен қонақ үйлер 5,8%   жоғарылағаны байқалды. 
Жұмыссыздық және жұмыспен қамту
Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 2012 жылдың ІІІ тоқсанында 349,4 мың адамды құраса, 2013  жылдың ІІІ тоқсанында бұл көрсеткіш 352,3 мың адамды құрап 0,8 пайызға көбейді. Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында жұмыспен қамтылған халық саны 334,0 мың болса, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер 224,1 мың, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 109,9 мың адам, жұмыссыз халықтың саны 18,3 мың адамды құраған. Соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі біршама төмендеді. 
Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-24 жас аралығы) 2012 жылдың 3 тоқсанында 6,8 пайызды құраса, ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында 6,6 пайыз көрсеткішті байқатып, 0,2 пайызға төмендеді. 
Еңбекақы төлеу
Облыста еңбекақы көлемі де артты. Орташа айлық жалақы 97771 теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 4,5 пайызға ұлғайған. Ірі және орта кәсіпорындағы жалдамалы қызметкерлер саны 129,3 мың адам болса, олардың орташа атаулы жалақысы 100658 теңгеге өсіп, өткен жылдың тиісті кезеңінен 5,0% көтерілген. Орташа айлық жалақы өсімі барлық аудандарда байқалады. Мәселен, Қызылорда қаласында – 109906, Шиелі ауданында – 95752, Байқоңыр қаласында 96143 теңгені құраған. Ал төменгі жалақы Сырдария ауданында (62622 теңге) білінді. 
Халықтың ақшалай табыстары мен шығыстары
Халықтың орташа атаулы ақшалай табыстары 49354 теңгені құрайды. Ақшалай шығыстар ішінде ең көп бөлігі (90,1%) тұтыну шығыстарына, туыстары мен таныстарына материалдық көмек және борышақы – 5,2%, кредит пен қарызды өтеу – 4,6%, салықтар мен басқа да төлемдер 0,1% құраған. Халықтың тұтыну шығыстарының 43,1% азық-түлік тауарларына, 29,1% азық-түлік емес тауарларға, 16,1% ақылы қызметтерге алынады. 2013 жылдың 3 тоқсанында үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижелері бойынша жанұяларда ең көп тұтынылған сүт, нан және жарма өнімдері мен жемістер болып табылады. Атап өтетін жайт, бір тоқсанда бір адам тамақ өнімдерін және алкогольсіз сусындарды сатып алуға – 40374, қант, кондитерлік өнімдер және тәттілерге – 2854, коммуналдық қызмет, тұрғын үйді ұстауға және жөндеуге – 2452, медикаменттерге, емдеу жабдығы мен аппаратураларына – 971, автокөлік құралдарына және оған жанар-жағармайға 2696 теңге жұмсалады.
Демографиялық ахуал
2013 жылдың 1 желтоқсанына дейін  қызылордалықтардың жалпы саны 739,3 мың адамды құрады, ал гендерлік тұрғыда 1000 әйелге 998 ерден келеді. Қаңтар мен қараша айына дейін туылғандар саны 18772 адамды, қайтыс болғандар 4059 адамды құрады. 1000 тұрғынға туғандар санының көрсеткіші 27,9% болды, бұл көрсеткіш республика бойынша 23,3%. Ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 6 адамнан келді. (Республикада  8,1 немесе 13-ші орында). Мың адамға шаққанда табиғи өсім 21,9% көрсеткішпен облыстар арасында бесінші орында. Аймақта 6662 некеге тұру және 1508 некені бұзу тіркелген. Бұл 4 некеге 1 некені бұзудан келеді. Сондай-ақ, туғаннан бастап орташа өмір сүру ұзақтығы 2012 жылы  69 жасты құрады, яғни, ерлерде – 65 жыл, ал әйелдерде 74  жыл. Ерлерге қарағанда әйелдердің өмір сүру ұзақтылығы 9 жылға жоғары.
Бизнес тіркелім
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қызылорда облысы көлемінде тіркелген заңды тұлғалар саны 8175 бірлікті құрады. Өткен жылмен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалар саны 9,2% көбейген. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар 5666 бірлікті құраса, оның ішінде 5008 шағын кәсіпорындар. Белсенді заңды тұлғалар саны – 4210 бірлік, оның ішіңде шағын кәсіпорындар – 3558 бірлік. Ең көп тіркелген заңды тұлғалардың саны көтерме және бөлшек саудада, олардың үлесі 19,1% болса, құрылыста 18,1%, білім беруде 9,8% құрайды. Осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 47,0 пайызын құрайды.
Қызылорда облысының статистика департаменті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз