“ӨРКЕННІҢ” ӨНЕГЕСІ

63

0

Бұдан біраз жыл бұрын ескі ғимаратты жалға алған «Өркен» аралас сауда дүкені жергілікті тұрғындарға сұраныстағы мол тауарларымен және мәдениетті қызметтерімен танылған еді. Қолжетімді бағаларымен әрі сан алуан өнімдерімен қуантқан аталған сауда дүкеніне кент тұрғындары күн сайын үздіксіз ағылатын. Кісі айнала алмайтын тап-тар дүкенде кезек көбейіп, сауда қызып жататын-ды.

Биылғы жылы «Өркен» аралас сауда дүкенінің ұжымы өз күштерімен заман талаптарына сай еңселі әрі кең жаңа ғимаратқа көшті. Биік те көрікті ғимаратты нағыз шағын маркет десек, артық айтқан емес. Тұтынушылар бұрынғыдай кезек күтпестен темір торлы кәрзеңкелермен өздеріне қажетті заттарын алып, кассалық аппаратпен есептеседі. Ыңғайлы әрі уақытты ұтымды пайдаланған тұрғындар дүкен қызметіне дән риза. Бұл тұтынушылар талғамына сай келетін, мәдениетті де сапалы қызмет жасап тұрған Тереңөзек кентіндегі ең алғаш шағын маркет дүкені. Ғимарат
толықтай бейнекамералармен қамтамасыз етілген.

– Қазіргі таңда кәсіпкерлікті дамытуға айрықша көңіл
бөлінуде, – дейді шағын маркет дүкенінің меңгерушісі Гүлжаһан Төлеуқызы.
Сондықтан біз де халыққа мүмкіндігінше сапалы да мәдениетті қызмет жасауға
тырысып жатырмыз. Елбасы Жолдауында да кәсіпкерлікті жандандыру, қызмет көрсету
түрлерін молайту басты міндет етіп қойылды. Сондықтан аудан дәулетін арттыруға,
барынша өркениетті елдер қатарынан көріну үшін аянбай еңбек ете береміз.

Сонау 2007 жылы ашылған «Өркен» аралас сауда дүкенінде
бүгінгі таңда 5 адам жұмыспен қамтылған. Тұтынушылар ұсынысы мен сұранысына
орай сөрелердегі тауарларды көмекші қыздар толықтырып тұрады. Таусылуға
жақындаған азық-түлік өнімдері мен бұйымдарды жүк тасушы жігіттер дер
мезгілінде әкеп береді. Бір сөзбен атйқанда, дүкен жұмысы таңертеңнен кешке
дейін бір толастамайды.

– Халықтың сұранысы
күн санап артып келеді. Соған қарағанда бізде дағдарыс болмайды-ау, сірә, – деп
әзілдей сөйледі тауар жеткізуші Бақыт Әбдреев. – Кейде қажетті тауарлар мен
өнімдерді әкелу үшін қалаға екі-үш мәрте көлікпен қатынауға тура келеді. Кент
тұрғындарының көңілінен шықсақ ғанибет емес пе? Бұдан артық қандай қуаныш бар
десеңізші?!

Иә, өркениетті
істерге ұмтылған, өзгелерге үлгі-өнеге «Өркен» аралас сауда дүкенінің ұжымына
жаңа жылда да толағай табыс,
бірлік-береке тілейміз.

 

М.ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.

Тереңөзек
кенті,

Сырдария ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз