ШИЕЛІДЕН ШЕГЕ ШЫҒАДЫ

59

0

Шиелі ауданы тұрғындарының шағын және орта бизнесті дамыту бағытындағы бағдарламаларды ілкімді игеруде шалымдылық көрсететіндігі сүйсінтеді. Аудан орталығына елді мекендерінің жақын орналасуы және де нарықтық қатынасқа ыңғайлы базарының қолайлылығы талаптанушыларға оң жол ашатын секілді.

Осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмалары тиянақты орындалып, ауданда көптеген ауқымды шаралар атқарылуда. Өз кәсібін ашып, кәсібін дөңгелентем деушілерге атқарушы орындар кеңес берумен қатар мемлекет тарапынан берілетін бағдарламаларды тиімді пайдалануына жәрдемдесіп келеді. Осындай жан- жақтылықтың нәтижесінде ауданда шағын және орта бизнесті дамыту барысы қарқынды жүргізілуде.

Аудан кәсіпкерлерінің өз кәсібін ашуға ізденістері және де жоғарыда айтылған қолдау арқасында «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына сай облыс бойынша кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген 5 гранттың 2-ін аудан кәсіпкерлері жеңіп алып, қазіргі таңда өз шаруаларын бастады.

Керделі ауылдық округінің тұрғыны, кәсіпкер Дүйсенбек Батыршаев бағдарламамен грантқа ие болып, шағын шеге өндіру цехының қондырғысын алды.Алғашқы өнім шығару үшін Ресейге шикізатқа тапсырыс берді, жуық арада іске кіріседі. Бұл құрылыс жұмыстары жылдан жылға артып келе жатқан аймақта сұранысқа ие болатын өнім деп есептелініп отыр.

Болат Бәйімбетов те 2 млн қайтарым­сыз грантқа ие болып, өз жұмысын бастап кетті. ОлТалдықорған қаласынан ет және жұмыртқа бағытындағы 30 тауық пен 100 балапан сатып әкеліп, арнайы орында күтімге алды. Сыр бойын жерсінген құстар күзге қарай өнім бере бастайды. Кәсіпкердің жоспарында жылына құс санын 1 мыңға арттыру тұр. Тағы бір жақсысы- жаңадан ашылған жұмыс орнында әзірге 5 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Нұрмахан Елтай,

Шиелі ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз