СТАНДАРТ САПАНЫ КӨЗДЕЙДІ

54

0

Отандық тұтынушылардың құқығын
қорғау және сапалы өніммен қамту негізінде жұмыс жасап отырған бірден-бір сала Қазақстан
стандарттау және сертификаттау институты болып табылады. Осы орайда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
филиалының мәжіліс залында Дүниежүзілік стандарт күніне негізделген «Стандарттар-бүкіл
әлем сөйлейтін тіл» тақырыбында семинар болып өтті. Оған Техникалық реттеу және метрология комитеті Қызылорда
облысы бойынша департаменті, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ филиалы мен аталмыш институт филиалының мамандары
мен жергілікті кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Бұл салалар бір-бірімен тығыз
байланысты. Себебі олар бірлесе отырып, сертификаттау, сапа мәселелер, өнімге және
қызметке нормативтік және техникалық құжаттарды ендіру мен өңдеу, сонымен қатар
стандарт талаптарына сәйкес тауарларды сынаумен айналысады. Ал шараның мақсаты – Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті
өніммен толтыруға көмектесу, өнімнің сапасын жоғарылатуға бағытталған отандық кәсіпорындар
мен мекемелердің қызметін арттыру болды. Оған жиналғандар кәсіпорындар қызметі мен
тауар нәтижесінің басты құралы заманауи, маңызды халықаралық стандарттарды енгізуге
күш салу керектігін талқыға салды.

Семинарды Техникалық реттеу және
метрология комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Е.Кеулімжаев ашып, қызметкерлерді
кәсіби мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Стандарт бар жерде сапа да,
бәсекеге қабілеттілік те болады. Бастысы стандарт талаптары көбейген сайын сапа
да артады, тұтынушы сапалы өнім мен қызметке қол жеткізеді. Стандарттар бұл
барлық әлем сөйлейтін тіл, – деді департамент басшысы.

Сонымен қатар жиын барысында
«Қазақстан стандарттау және
сертификаттау институты» РМК филиалы директоры Г.Шарапат, аталмыш
департаменттің бас маманы С.Қасымовпен бірқатар мамандар тақырыпқа сай баяндама
жасады.

Шара соңында кәсіби мерекеге
орай белсенді қызметкерлерге салаға сіңірген еңбегі үшін Алғыс хаттар табыс
етілді.

 

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз