Өткеннің әңгімесі

51

0

Көкеме ұсталуы туралы
хабар жеткенде ол лезде жолға даярланып, түнде ешкімге білдірмей мал-мүлкін тас­тап
ауылдан қашып шығып үлгерген екен. Созақ көтерілісінен соң, Ербай атам мен
Шағдар әкем қашып келіп пана тапқан. Қоқан өңіріне екі жылдан соң көкем де
келіп жетеді. Бай бидің ұрпағы болғандықтан көп туыстарымыз атылып, қамалып,
ұсталып жоқ болып кетіпті. Дегенмен, менің көкем сауатты еді.

Аталарымыз ірі қара
малдарын алыс елдерге дейін үйірімен айдап сатып, қазынасын толтырып отырған.
Кейбір өңірлерде ең кедей отбасында мыңға жуық қойлары болған екен. Оларды қайда
сатсын, сондықтан жыл сайын көбейіп отырған малға қарап атамыз: «Қойдың үстіне
бозторғай жұмыртқалаған заман келеді” деп болжам айтқан екен. Бұтаның түбіне ұя
салып қалыптасқан бозторғай қойдың үстінен басқа қолайлы орынды қайдан тапсын?!
Осындай елде миллиондаған халықтың аштан қырылатыны кімнің ойына келіпті?
Әлі техника дамымаған
кезеңде Орталық Азияда халық шаруа­шылығын дамытуда қазақтардың түйесі өте
қажет ең тиімді көлік болған екен. Қазақ түйекештерін ұйымдастырып Шағдар
әкемнің қатысуымен Қоқанда «Қызыл керуен» ательесі ашылады. Менің көкем де осы
ательеде соғыстан кейінгі жылдарға дейін еңбек етен. Yйде сандық тола
мемлекеттік заем жататын.
Елге оралуға күмәнданған
біздің ауыл 53 жылдары Ферғана өңірінің орталығындағы Қарақұм – шөл далаға
келіп қоныстанды. Жас кездерім есімде. Көктемде болатын дауылды желден 20
метрден әрі ештеңе көрінбейтін еді. Лесхозға мүше болған біздің ауыл қазақтары
ұшы көрінбейтін ұшпалы құмды даланы лезде жап-жасыл орманға айналдырып жіберді.
Олар мал бақты және жер тегістеп егін екті. Біздің кішкене ауылдан Ферғананың
орталық базарына күнде тоқтаусыз бірінен соң бірі машиналарға жүктелген
қауын-қарбыз келіп түсетін еді. Күндіз оларды егін басында үзіп, жинап, түнімен
базарда таң атқанша жүк түсіретінбіз. Біздің ауылдың қауындары базарға түскенде
басқа жақтан келгендердің саудасы жүрмей қалғандықтан, олар тым арзан бағамен
әрең сатып кететін. Кейбіреулері біздің жаққа келіп диқаншылықпен айналысып
көрді. Дегенмен, біздер сияқты мол өнім алғандарын естімедім.
Сол ауылдан бірсыпыра
отбасы 1982 жылы көктемде Шиелі ауданына көшіп келіп қоныстанды. Олар көшіп
келісімен бұрынғы тіршілігін жалғастырып қауын-қарбыз екті. Олардың алды бір
жылда 25 мың сомға дейін табыс тапқан екен. Ол кездерде ондай ақшаны ешкім
ұстап көрмеген. Саудагерлердің бәрі заттарын осы ауылға алып келіп сатуы
үрдіске айналыпты. Сол кездерде бір кісінің «Анау өзбектер көшіп келіп егін
екті, басқалар шаңында қалып кетті” дегенін естідім.
Халықтың қолына мол етіп
ақша ұстатып тұрғанмен ешнәрсе өзгермейді. Мұнымен біз құрдымға кетеміз. Барлық
қаражатты инфрақұрылымға бағыттау керек. Міне, бүгінде тас жолмен Шиеліге лезде
барып келіп жүрміз. Бұл халық жағдайының
жақсарғанының дәлелі.
 
Бекназар ӘБСАДЫҚОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз