ТӨРТ ТҮЛІК БАҚҚАНҒА БЕРЕКЕ КІРЕДІ

319

0

ТӨРТ ТҮЛІК БАҚҚАНҒА БЕРЕКЕ КІРЕДІАтакәсіппен айналысқан ау­­­ыл тұрғындарына
кәдімгідей қол­дау көрсетіп келе жатқан «Сыбаға» бағдарламасын ал­ғаш­­қыда
бірқатар жұрт өз дә­режесінде түсінбей, орны­мен пайдалана алмай келе жат­қа­нымен
мұның кәдеге асар тір­лік екендігі қазір көзге ай­қын көріне бастады. Әрине,
ине­ні ілу үшін де саусақты бү­гу керек. Сондықтан да мемле­кеттік маңызы бар
бағдарлама аясында белгілі бір табысқа қол жеткізу үшін әуелі оның түпкі
мақсатын зердеде ұстай отырып, ұқыптылық пен экономикалық алғашқы сауаттылық,
яғни есеп, сосын шаруаны дұрыс ұй­­­ымдастыра білу секілді қабі­лет­тер керек.
Маңдай терді там­шылатып, адал еңбек етпей, та­быс келмейді. Еңбекпен кел­ген
нан қашанда тәтті ғой шір­кін, атакәсіптің шалғайынан ұс­тағандар берекелі
дастарханы­мен елге танымал болып жат­­са, бейнетпен белі бекі­ген балалары да
жаңа заман жа­­ңалығынан қалыс қалмай, бі­лімге де жол салып, қабі­ле­тіне
қарай қызметке де ара­ласа бастады. «Бейнеттің зей­­не­ті» дегенде осындай елеу­­­лі­ліктерді
алдымен ауыз­ға алсақ, қисынсыз емес. Бұл жуырда облыстық ішкі сая­сат
басқармасының Сыр өңірі­нің оң­түстік аудандарына ұйым­дас­тырған пресс-туры
кезінде анық байқалды.

«Сәрсембек” шаруашылы­ғы­ның тізгінін ұстаған Сәрсем­бек
Ранов бұрын кеңшардағы маманның бірі еді. Елде тоқы­рау басталып, барлық нәрсе
тап­шы бола бастаған кезде ол тез серпілді. Жаңа заманның та­лабына сай,
базарлы қатынас­қа қойды да кетті, әрине ол кез­дегі сауда талабы, «ал да сат,
үстіне қой да сат» се­кіл­ді тым қарабайырлау еді. Дегенде, бұрынғы жоспар­лы
экономиканың нанын же­ген­­дерге мұны да көру қа­жет екен­дігін кейінгі уақыт
дә­лелдеп берді. Аздаған малдың басын қосып, шаруаға бет бұрды. Сү­тін сауды,
майын өткізді, ба­тыс облыстарға қатынап, мал та­сыды, оларын бордақылауға қойып,
бір бас малды екі басқа жеткізген де осы Сәрсембек.

Қазір Шиелі ауданының Ақ­мая ауылындағы «Сәрсембек» ша­руа
қожалығында 155 бас ет бағытындағы ірі
қара, 5 асыл тұқымды қазақтың ақ­бас бұқасы бар. Бір мезгіл жайы­лымға
шығарылып, қора ба­сында да талапқа сай жемі бе­рілетін зеңгі баба тұқымы бір
жаздың өзінде қаншама салмақ қосып шығады.

– «Сыбаға» бағдарламасы өзінің өміршеңдігін көрсетті.
Мал ұстаған біздерге шарапаты мол, – дейді «Сәрсембек» ша­руа қожалығының
төрағасы, ша­руақор жігіт ағасы С.Ранов біз­бен әңгімесінде. Биылдың өзінде
субсидияға 2 млн. 700 мың теңге алса, асыл тұ­қым­ды бұқалар үшін 752 мың тең­ге
қазынасына қосылды. Жоға­рыдағы мол ақша арасында ша­руашылық малын жем-шөппен
қамтамасыз ету жағдайы да қа­растырылған.

Арнаулы топ Жаңақорғанға қарай бет алдық қолымызда мы­­надай
мәлімет: «Сыбаға» мем­­лекеттік бағдарламасы бас­тал­ғалы бері, яғни 2011
жылдан бүгінге күнге дейін ауданда 34 шаруашылық субъектілеріне 408 миллион
теңге несие берілді. Оған 138 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа мен 2406 бас
қа­шар сатып алынып, өз төлі есе­бінен сұрыптау мақсатында асылдандыру
жұмыстары ұй­ым­дастырылуда.

Келінтөбе ауылдық окру­гіндегі «Хамит» шаруа қожалы­ғында
300 бас сиыр және 10 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа бар. Мұнда да ірі қа­ра
тұқымын асылдандыру жол­ға қойылған. Шаруа қожа­лы­ғының төрағасы – Са­пар­бек Такиров деген жігіт ата­кәсіпке ауыл
мектебінің мұ­ға­лімдігінен келген. Бұрын су­рет пен сызудан дәріс бе­ріп
жүрген азамат Хамит есім­ді бауырының жұмысын әрі қа­рай жалғастырып, мал ба­сын
өсіруге атсалысып жүр. Көк­парға шабатын ат баптайтын да әдеті бар. Шаруасы жай­лы­ның
ұрты да майлы, ең­бектің арқасында тұрмысы да жақсарған. Атшаптырым аула­сында
қос үй орын теуіпті. Алу­ан түрлі гүлдеріңде ауласына көрік беріп тұр. Ауыл
әкімі Жақ­сылық Әбутәліп пен ға­лым-агроном Керімхан Егізба­ев екеуі екі жақтап
ауыл тұр­мы­сының жақсарғанын, Ел­ба­сы бағдарламасының шеткі ай­маққа тигізген
игілігін жарыса ай­тып, көңілімізді көтеріп тас­та­ды.

Келінтөбеден кейін Қаратө­бе деген ауыл бар. Жас та
бол­­са, бас болып, кешегі қи­ын­­шылық кездері ауыл тұр­ғын­дарына жөн
көрсеткен Құл­­мағамбет Исаханов осы ел­ді мекендегі «Сұңқар» шаруа қожалығының
төрағасы. Оның ба­сшылығындағы шаруашылық та «Сыбаға» бағдарламасының аясында
жұмыс атқарып келеді. 2014 жылы 150 бас аналық және 5 бас асыл тұқымды ет
бағытындағы бұқалармен се­лек­циялық асыл тұқымдық жұ­мыс­тарды жүргізсе, жылына 80 бас мүйізді ірі қара мен 50 бас
жылқыны етке өткізеді. Малдан басқа егіншілік саласындағы жетістіктері біршама.

Жаңақорғандағы жүздеген шаруа қожалығының арасында
тізгін ұстаған екі әйел бар, со­ның бірі Көктөбе ауылдық ок­ру­гіндегі «Рахман»
шаруа қожалығының төрайымы Күміс Құлманова қарындасымыз.

«Рахман» шаруа қожалы­ғы да ірі қара тұқымын асыл­дан­дыру бағытына жұмыс іс­тей­ді.
Сонымен қатар өткен 2013 жылы асыл тұқымды қа­ра­көл тұқымдас уақ мал са­тып
алған. Осы мақсатқа екі сатыда мемлекеттен 17 млн. тең­гедей субсидия алып
отыр. Биылғы жылы қойды селек­ция­лық асылдандыру жұмысын жоспарлап отыр. Малшысы
Қаз­бек Мұратұлы, мал дәрігерлері – Медет Досанов пен Мұхит Мұстияров та қора
басында екен, өз істерімен болып, ем­деу-сауықтыру шараларын жүр­­гі­зіп жатты.
Мал аурудан сау болса, өсімі де, өнімі де мол болары анық. Сондықтан шал­ғай
елді мекендерде жұмыс істеп жүрген мал дәрігерлерінің де ел дамуына,
атакәсіптің өркендеуіне қосар үлесі аз емес.

Біркүндік сапар барысынан бірталай жағымды жаңалыққа
кезіктік, бастысы ауыл адамда­рында атакәсіпке деген ықы­лас қайта оянғандығы,
оған негіз әрине – «Сыбаға» бағдар­ламасы.

Иә, сыбағадан құр қалмаған жөн.

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Шиелі, Жаңақорған аудандары.