ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС – ӨМІР ЗАҢЫ

58

0

«Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында Қорқыт
ата атындағы ҚМУ-дың профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Қазыбай Құдайбергенов
және «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық талдау орталығы басшысы, саяси ғылымдарының
кандидаты Сәулет Сахиевтің қатысуымен «Қоғамның негізгі дамуы саяси тұрақтылықта»
тақырыбында брифинг болып өтті.

Экономика ғылымдарының кандидаты Қазыбай Құдайбергенов қазіргі жаһандық экономикалық дағдарыстан ешқандай
мемлекет сырт қала алмайтынына назар аударды. Өйткені, барлығы бір-бірімен тығыз
экономикалық байланыс орнатқан және экономикалық одақтарға мүше. Мәселен, Қазақстан
аймақтық одақтар мен Кедендік одаққа, сондай-ақ ДСҰ-ға мүше. Сондықтан да бұдан
елдер тыс қалмақ емес. Күшті экономика болған жерде елдің әлеуметтік жағдайы жақсы
болады. Елдің әлеуметтік жағдайы жақсы болса, тұрақтылық та болмақ. Сол себепті,
Елбасымыз Тәуелсіздігіміздің алғашқы кезеңінен бастап «ең бірінші экономика» деген
ұстанымда келеді және ол өзінің дұрыстығын дәлелдеуде.

– Сұраныс пен
ұсыныс – экономика заңы. Бұл заңның орындалуы, яғни дағдарысты еңсеру үшін ең
алдымен ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Яғни, барынша ішкі өнімді тұтынуымыз
керек. Еліміздің ШОБ үлесін дамыған елдердегі көрсеткіштерге жақындатуға
тиіспіз. Мемлекет бұл мақсатта түрлі бағдарламалар қабылдап, қаржылай көмек
жасап келеді. Сонымен бірге, үнемшілдікті де естен бір сәт шығармаған абзал.
Әрине, дағдарысты ешкім қаламайды, әйтсе де оның жақсы жақтары да болады. Елдің
ширығуына, тірлік жасауына, бәсекелестікке ұмтылуына қамшы салады. Ата-бабаларымыз,
кейінгі аға ұрпақ өкілдері небір қиындықтардан өткен, соған байланыс­ты небір
ұлағатты сөздер қалдырған. Соны естен
шығармағанымыз дұрыс, бұдан да өтеміз, – деді Қ.Құдайбергенов.

Ал саяси ғылымдардың кандидаты Сәулет Сахиев Мемлекет
басшысы өзінің бес институционалды реформасын жария­ла­ғанда алда әлемдік
экономиканың жеңіл тимейтін дағдарысы күтіп тұрғаны туралы баяндағанын
жеткізді. Елбасы соңғы күндердің өзінде халыққа болып жатқан жағдайларға –
доллардың құны өсіп, мұнай бағасының арзандауы, теңгенің девальвациялануы,
бензиннің қымбаттауына байланысты жақсы түсініктер беріп өтті. Мұндайда халқы
түрлі әрекеттерге баратын елдерде қиындық тіпті еселеніп кетпек.

Қазіргі дағдарыс жағдайында елдің алдында үш жол
тұрған болатын. Оның біріншісі – Ұлттық қордың қаржысын жұмсап отыра беру.
Екіншісі – теңгені еркін айналымға жіберу. Үшіншісі – жағдайды сырттан
қадағалап қана отыру. Ғалым қазіргі жағдайда ел басшылығының екінші жолды
таңдауы ең дұрыс шешім болғанын атап өтті. Ұлттық қор қаржысын әрі қарай жұмсай
беруге болмайды. Дағдарыстың алдағы екі-үш жыл әсері болып жатса, қажет болады.
Ештеңе істемей, бақылап отырған жағдайдаэкономика құлдырап кетпек. Елімізде басталып жатқан жаңа экономикалық
саясат бізге әлем елдері өткен ең тиімді
жолды көрсетіп отыр.

– Өткен ғасырдың 20-30 жылдары АҚШ үлкен дағдарысты
басынан өткеріп, 40 миллион адам жұмыссыз қалғанда да еңсесін тү­сір­мей,
күйзелісті жеңе білді. Бірақ, осы дағдарыстан кейін АҚШ ішкі және эконо­микалық
мәселелерін шешіп, экономикасы дамыған демократиялық құндылықтары жо­ға­ры
қоғам ретінде әлемдегі озық мем­лекеттердің көшін бастады, – деді С.Сахиев.

Кездесу соңында ғалымдар бүгінгі дағдарыс еліміздің
жаңа биіктерге көтерілуіне әсер ететін баспалдақ болатынын, сондықтан халықтың
бірлігі және мемлекеттік органдар мен азаматтық институттардың қалыптасқан
жұмысы болуы керек екенін атап өтті.

Ыдырыс
ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз