Есте сақтауды жақсартуға арналған жаттығулар

Америкалық ғалымдардың айтуынша, адам миы белсенділігінің шыңы 27 жасқа сай келеді. Бұл жастан кейін адам ми қатпарына аз күш түсіре бастайды және көптеген ақыл-ой процестері тежеледі. Миды не үшін жаттықтыру керек және есте сақтауды жақсартатын қандай жаттығулар тиімді? 
Жас ұлғая келе есте сақтау нашарлай түседі. Оның негізгі себептері мынадай:
- Уақыт өте мида және жүйке жүйесінде жүйке жасушаларының мөлшері азая береді, олардың арасындағы байланыс әлсірейді, соның себебінен атрофия (сему) дами бастайды;
 - Мидағы кей бөліктер арасындағы байланыс үзіледі. Ағзаға оларды бір-бірімен үйлестіру қиынға соғады;
- Қан тамырлар қиналады: олардың қабырғалары қатты бола түседі және олар иілгіштігін жоғалтады. Ол склерозға әкеледі. Егер жүйелі түрде миды жаттықтырса, жаңа нейрондық байланыстар саны арта түседі. Есте сақтауды жақсартатын қандай жаттығулар бар?
Есте сақтаудың қай түрін жаттықтырғыңыз келсе де, кез келген зияткерлік күш салу ми белсенділігін арттырады.
 Ең қарапайым жаттығуларға мыналар жатады:
 - Оймен санау. Ауызша санау қысқа мерзімді есте сақтауды жаттықтырады.
 - 100-ден 1-ге дейін кейін қарай санау. Ол жаңа ақпаратты жаттауға жауап беретін жұмыс жадын дамытады.
- "Сөздер" ойынын ойнау. Қандай да бір сөздің соңғы әрпінен басталатын сөз ойлап тауып, ойынды жалғастыру керек. Сол кезде ми жүйке жасушаларының арасындағы "ұмытылып" қалған байланыстарды іске қосады.
- Түстерге мән беру. Күні бойы тек бір түсті заттарды байқайтындай етіп өзіңізге тапсырма беріңіз. Келесі күні басқа түсті таңдаңыз. Сол кезде зейін қою қабілетіңізді жаттықтырасыз.
- Шет тілін үйрену. Ғалымдар бірнеше тіл білетін адамдар Альцгеймер секілді аурулармен сирек ауыратынын анықтаған.
- Кітап оқу. Күніне бір сағаттан аз емес уақытты кітап оқуға арнаңыз: ол кезде мида жасушалар арасындағы жаңа байланыстар аумағы түзіле бастайды.
- Спортпен шұғылдану. Жай жүрістің өзі ми нашарлауын тоқтатуға көмектеседі. Ғалымдар, спортшылардың ми көлемі басқаларға қарағанда баяу кішірейетінін анықтаған.

Денсаулық 09 қазан 2019 г. 464 0