Ұлт денсаулығын демеу – игілікті іс

Денсаулық – жеке бастың ғана емес, ұлттық ұста­ны­мы­мыз­­дың  ұлы игілігі, бүкіл қоғам­­ның құндылығы. Содан да, қазақ әу бастан: «Бірінші байлық – денсаулық» деген. Ха­лық денсаулығын сақтау мен аурулардың алдын алу, емдеу бағыттары – мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық мәселе. Кең-байтақ елімізде азаматтардың  дене және рухани жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, жалпыға бірдей тегін, сапалы медициналық көмек көрсету – тәуелсіз мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. Бұл туралы біздің Конституциямызда кең көлемде жазылып, Үкіметтің  қаулы-қарарлары қабылданып келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындар­лы қоғамдық диалог – Қазақстан­ның тұрақтылығы мен өр­кен­деуінің негізі» атты Жолдауында еліміздегі көптеген көкейтесті  мәселелердің ара-жігі ашылып, оны тиімді шешу жолдары  нақтыланды.

Президентіміз денсаулық сақтау саласына жеке тоқта­лып, әсіресе, ана мен бала, жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсету, олардың спортпен айналысуына көңіл бөлу керектігін айтты.

«Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отба­сы­­­ларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланыс­ты есеп­­те тұр. ...Халықтың ден­сау­­лығын жақсарту мәселесі айрық­ша назар аударуды талап етеді», – деді Мемлекет басшысы. Сон­дай-ақ, медициналық қыз­мет көрсетудің сапасы мен қол­­жетімдігін қамтамасыз ету, әсіресе, ана мен сәби өліміне қа­тысты көрсеткіштердің өңірлік теңгерімсіздігі айқын көрінетінін атап өтті.

Осы тұрғыда біздің Сыр өңіріндегі кейбір денсаулық сақтау мекемелеріндегі халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен мәдениетінің әлі де сын көтермейтінін, күні кешеге дейін денсаулық сақтау саласының  сенімді құрамдық бөлігі болып келген фармацияның өзектілігін атап өтуге тура келеді.

«Әрқайсысыңызға мына нәр­­сені айтқым келеді: мемле­кет тегін медициналық кө­­мек­тің ке­піл­дендірілген кө­ле­­мін сақ­тайды. Оны қаржы­лан­дыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 трлн теңгеден астам қаржы бө­лінеді. Міндетті әлеу­меттік меди­циналық сақтандырудың жүзе­ге асырылуы медициналық қыз­мет көрсетудің сапасы мен қол­жетімдігін жақсартуға бағыт­тал­ған. Үшжылдық бюджет аясында денсаулық сақтау жүйе­сін дамытуға қосымша 2,3 трлн теңгеден астам қаржы бөлінеді. Үкімет әлеуметтік меди­циналық сақтандыру жүйе­сінің беделіне тағы да нұқ­сан келтірмеу үшін оны жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарауы қажет. Біздің қателесуге құқы­мыз жоқ», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Кемел­ұлы­ның осыншама қыруар қаржы­ның денсаулық сақтау саласына бөлініп, жалпы халықтың ден­саулығына, оның ішінде медицина саласының дамуына демеу­шілік жасауға бағытталған игі бастамасы – қуана қолдауға тұрарлық игілікті іс.

Амангелді

СУХАНБЕРЛИЕВ,

дәрігер-хирург,

ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Денсаулық 10 қазан 2019 г. 393 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930