Кәсіподақ өнерлілерді қолдайды

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Кәсіподақ өнерлі мүшелерін қолдайды» атты салааралық өнер байқауы өтті.
Оған қазақстан­дық білім және ғылым қыз­меткер­ле­рінің салалық кәсіп­одағы об­лыстық кәсіподақ ко­ми­теті төрағасының орын­ба­сары Гүлнар Есқа­лиева, об­лыстық халық шығар­ма­шы­­­лығын дамыту және мә­дени-продюсерлік орталы­ғы­­ның бөлім меңгерушісі Бағ­дагүл Есмұрзаева, облыс­тық денсаулық сақтау басқар­масының персоналды басқару және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ғалия Ысқақова, аумақтық кәсіподақтар бірлес­тігі облыстық орталығының бас маманы Майра  Боран­баева және «Senim» Денсау­лық сақтау жүйесі қызметкер­лерінің салалық кәсіптік ода­ғы» республикалық қоғам­дық бірлестігі облыстық фи­лиал­ының төрағасы Асылхан Абылайханұлы қазылық етті.
«Ән өнері», «Аспапта ойнау шеберлігі» және «Жеке немесе топтық би»  байқауында бірінші орынды 72 ұпай санымен №3 емхана алса, екінші орынды 71 ұпаймен «Αlexei Sultan Ahmet» ЖШС емханасы, үшінші орынды 64 ұпаймен №6 емхана иеленді. Сонымен бірге, «Үздік ән» номинациясымен Қызылорда медициналық жоғары коллед­жінің оқытушысы Гауһар Бал­табаева марапатталса, «Үз­дік би» номинация­сы бо­йынша Қызылорда қала­лық ауруханасының «Үнді биі» бишілер тобы анық­талды, ал облыстық психоневроло­гия­лық диспансерінің қызметкері Қар­лығаш Сейдалиева «Ас­папта ойнаудың үздігі» болып танылды.
Айнұр БАТТАЛОВА.
Денсаулық 05 қараша 2019 г. 282 0