ЖРВИ эпидахуал тұрақты

2019-2020 жылдардағы эпидмаусымында облыс көлемінде жедел респираторлы вирусты инфекциясының 3327 жағдайы есепке алынып, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш 428,1%00 құраған.

Ауруға шалдыққандардың 72,5 проценті –14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде, оның ішінде 16 проценті –1 жасқа дейінгі балалар.  Есепте тұрған 9730 жүкті әйелдің 163 ЖРВИ-на шалдыққан. Ауруханаға жатқызылу  көрсеткіші  жалпы облыс бойынша 19% (632 жағдай) құрады. 

 Апталық аурушаңдық көрсеткіш мониторингісіне сәйкес облыстық аурушаңдық апталық көрсеткішінің бақылау деңгейінен асуы және эпидахуалдың күрделенуі байқалмаған. 

2019-2020 жылдардағы эпидмаусымында  ауыр ағымдағы жедел респираторлы вирусты инфекциясымен119 науқас Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық  зертханасына ПТР әдісімен тексеріліп, 84 сынамада тұмау емес вирустарға оң нәтиже анықталды. Олардың 29-аденовирус, 4- РС, 5- парагрипп, 13 – риновирус, 17- бокавирус, 16-короновирус.

Тұмау  ауруының алдын алу мақсатында  «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту  туралы» қаулысына сәйкес 2019-2020 жылдары эпидмаусымына 80000 доза вакцина сатып алынды.

Егілуге тиісті тұлғалар контингентіне келесі топтар кіреді: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балалар, алты айдан асқан көп ауыратын балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлеріндегі балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдер, жүрек-қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар. Бүгінгі таңда 78199 адам екпе қабылдады, бұл егілуге жататын контингенттің 100% құрап отыр.

Жұмыс берушілер есебінен де вакцинациялау қарқынды жүргізілуде. Атқарылған жұмыс нәтижесінде қаржылай қолдау көрсетіліп, 2000-ға жуық қыметкер тұмауға қарсы екпемен қамтылды.

Денсаулық 10 желтоксан 2019 г. 1 087 0