Ағзаға омега-6 не үшін қажет?

Омега-3 майлы қышқылдарының пайдасы жайлы естіп жүрміз: олар ми жұмысын жақсартады, шаш пен тырнақты қатайтады, тері қартаюына қарсы тұрады және т.б. Ал омега-6 майлы қышқылдары не үшін қажет? 
Омега-6 майлы қышқылдарының маңызды функцияларының бірі – жасушаларды сыртқы зақымдардан қорғау және олардың табиғи кедергісін қатайту. Сондай-ақ олар артериялық қысымды реттейді және жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысына жағымды әсер береді. Омега-6 майлы қышқылдарының тағы бір пайдасы – олардан қабынуға қарсы және антиаллергиялық әсер беретін маңызды заттар синтезделеді. Ағза өздігінен омега-6 қышқылын өндіре алмайтындықтан, оны тек тамақтан ала аламыз. Мына өнімдерде омега-6 қышқылдары көбірек кездеседі: 
- Грек жаңғағы; 
- Тофу; 
- Күнбағыс дәндері; 
- Жержаңғақ майы; 
-Авокадо; 
- Жұмыртқа; 
- Бадам жаңғағы; 
- Кешью жаңғағы.

Денсаулық 20 қаңтар 2020 г. 379 0