Біле жүріңіз!

Біле жүріңіз!

Үй тірлігінде жүріп түрлі жағдайға тап болуымыз мүмкін. Ас үйде жүретін әйелдер қауымы мұны жақсы біледі. Күтпеген жерден келеңсіздіктер пайда бола қалады. Тамақ әзірлеп немесе жеміс-жидекті пышақпен аршыған кезде абайсызда қолды қанатып алуымыз мүмкін. Бұл жағдайда не істеу керек? Бақажапырақ пен жолжелкеннің жапырақтарын қайнаған сумен жақсылап жуып,сілкіп алып, қан ағып тұрған жерге басса , бірден басылады. Егер жара іріңдеп кетсе, оны тазалау үшін календула тұнбасын пайдалану керек. Пышақ кескен тілікті ұмыт қалдыруға болмайды. Жараға кір, топырақ енсе сумен жуа салу аздық етеді. Тілік жараны сутегі тотығының ерітіндісімен сүртіп тазартқан жөн. Жара айналасындағы теріні йодпен сүрту керек. Үй жағдайында спиртпен, арақпен, жасыл дәрімен, тіпті болмаса әтірмен де сүрте беруге болады. Жараның бетін микроб түспейтіндей 4-5 күнге орап тастау керек. Инфекцияның түсуі өте қауіпті. Сондықтан барынша сақ болу қажет.
Денсаулық 16 наурыз 2018 г. 1 282 0
Облыстық балалар ауруханасында "Тұзды шахта" жұмыс жасайды

Облыстық балалар ауруханасында "Тұзды шахта" жұмыс жасайды

Тұзды бөлме – «vital air room» – тірі ауа бөлмесі деген мағынаны білдіреді немесе тұзды бөлме, галопалата депте атайды. Бұлай аталуының негізі-тұзды аэрозолдың емдік қасиеті. Тұзды бөлменің ылғалдылығы, барометрлік қысымы бірқалыпты деңгейде болады. Тыныс алу арқылы тұздың микро бөлшектері қанға түсіп, қандағы гистаминнің деңгейін бірқалыпты, ақуыз-көмірсу алмасуының деңгейін бірқалыпты етеді. Тыныс жүйесіне, бронх ағаштары арқылы микротұздар ену нәтижесінде
Денсаулық 14 наурыз 2018 г. 1 223 0
Тұз қан қысымының қатты көтерілуіне әсер етеді

Тұз қан қысымының қатты көтерілуіне әсер етеді

  Зерттеушілер қан қысымының қатты көтерілуі мен тұз арасындағы байланысты анықтады. Ғалымдар күнделікті 6 грамм мөлшердегі тұзды ғана тамаққа қосып жеуге кеңес береді.
Денсаулық 10 наурыз 2018 г. 1 147 0
1,5 мыңнан астам отандық дәрі-дәрмектерді сатып алады

1,5 мыңнан астам отандық дәрі-дәрмектерді сатып алады

Отандық фармацевтикалық өнім өнірушілер Бірыңғай дистрибьютормен ұзақ мерзімді жеткізілім шарттарын жасауға арналған номенклатураны кеңейту жөнінде өз ұсыныстарын бере алады. Бұл туралы отандық өндірісті қолдау және қазақстандық фармацевтикалық саланы дамытуды ынталандыру шарасы ретінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасауға өтетін конкурс мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлімдеді, - деп хабарлады BNews.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық 10 наурыз 2018 г. 470 0
Инфаркт кезінде науқасқа қалай көмектесу керек?

Инфаркт кезінде науқасқа қалай көмектесу керек?

Миокард инфарктісінің басты себебі - жүрекке апаратын негізгі қан тамырының бітелуі. Ал қан тамырының бітелуі денсаулықта кінараттың бар екенін білдіреді.
Денсаулық 28 ақпан 2018 г. 589 0
Донор болудың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Донор болудың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Статистика бойынша, әрбір үшінші адам өз өмірінде өзге біреудің қанына мұқтаж болады. Қан тапсырушыны "донор" деп атайды. Жалпы, қан тапсырудың адам денсаулығына қандай пайдасы мен зияны бар? Бүгін осы тақырыпты талдайтын боламыз.
Денсаулық 16 ақпан 2018 г. 835 0
Семинар сабақ өтті

Семинар сабақ өтті

Қызылорда қалалық ауруханасында орта буын және кіші буын медицина қызметкерлері арасында медицина ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын зарарсыздандыру жөнінде семинар сабақ өткізілді.
Денсаулық 12 ақпан 2018 г. 488 0
Әлеуметтік медициналық сақтындыруда қандай өзгерістер орын алды?

Әлеуметтік медициналық сақтындыруда қандай өзгерістер орын алды?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың 2020 жылға шегерілгені белгілі. Осыған байланысты міндетті сақтандыру жүйесінде қандай өзгерістер болады? Жарна төлеу міндетінен кімдер босатылады? 
Денсаулық 12 ақпан 2018 г. 442 0
Медициналық сақтандырудың басым бағыттары

Медициналық сақтандырудың басым бағыттары

 Біз қазір Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген міндеттерді атқаруға кірісіп кеттік. Медициналық сақтандыру қоры осы Жолдаудағы ең маңызды деген үш міндетке  басымдық беріп отыр. Оның біріншісі:  Ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды дамыту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету
Денсаулық 10 ақпан 2018 г. 483 0
"Патронажды медбике» мобильдік қосымшасының тиімділігі жоғары

"Патронажды медбике» мобильдік қосымшасының тиімділігі жоғары

Аймақта медбикелер мен ата-аналарға балаларды күтуге арналған "Патронажды медбике" мобильді қосымшасы тиімді іске асуда.
Денсаулық 07 ақпан 2018 г. 490 0