Қызылордада карантин талаптары күшейтілді

2144

1

8 сәуірден бастап “сары” аймақта болуына байланысты Қызылорда облысында карантин талаптары күшейтілді. Ол аймақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2021 жылғы №8 қаулысында қамтылған.

Атап айтқанда:

– қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға;

– ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу, «ауыз ашар», т.б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;

– банкет залдарының жұмысына;

– букмекерлік кеңселердің қызметіне;

– бильярд, боулинг (“Ashyq” пилотына қатысатын кәсіпкерлік субьектілерге рұқсат) компьютерлік клубтардың (“Ashyq” пилотына қатысатын субьектілерге рұқсат), түнгі және ойын клубтарының, караокенің қызметіне;

– балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне;

– мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге;

– балалардың ойын-сауық орталықтарының (жабық үй жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар) жұмысына;

– көрермендермен спорттық іс шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

. Бұған қоса ұжымдық ауызашар өткізуге болмайды.

– Балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысы топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын алу жазылу бойынша, қоғамдық көлік жұмысына, банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері жұмысына 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыт шектеуімен, ұйымдар, офистердің жұмыстарына 50%- күндізгі режиммен,қоғамдық тамақтану объектілеріне толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істеуге, сауналар жұмысына (жексенбіден басқа), 30 адамға дейін мәдениет объектілерінің жұмысына (дайындық), 20%-дан артық емес етіп толтырған жағдайда театрлар, кинотеатр, концерт залдарының жұмысына рұқсат беріледі. Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді. Құрметті облыс тұрғындары, эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша бетперде киюді сұраймыз, -дейді облыстың бас санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<