Сенім – сауығудың басы

1235

1

Ел арасында ауру-сырқаудың көбеюіне не себеп болды? Мұның астарын алыстан іздеудің қажеті жоқ.

Біріншіден, халық жеке бастың гигиенасын дұрыс сақтамайды. Үйде оқшауланғандар некен-саяқ. Адам­дардың əртүрлі себептермен шағын да болса бас қосуы тоқтамады. Бір-бірімен қарым-қатынасты үзген жоқ.

Ауруға көбіне орта жастағы, халық арасында көп жүретін, иммунитеті төмен, дүрбелеңге, күйзеліске тез бой алдыратын, шаршаңқы күйдегі, ұйқысы шала, дұрыс тамақтанбайтын, сақтық шараларын елемейтін, коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар бейім. Қазір адамдар агрессияшыл. Өзін-өзі басқара алмайтын, өмірге өкпелі, кекшіл, қызғаныш сезімі басым жандар да ауруға бір табан жақын.


Сөйте тұра, кейбіреулер дәрігерге кінә артып жатады. Біз əр науқасқа көрсеткіш бойынша ем тағайындаймыз. Бірақ оның əсер етуі өзіне байланысты. Адамда дертпен күресуге, оны жеңуге құлық пен құлшыныс болуы керек. Сенбестік танытып, өзіне-өзі көмектеспей, бар жауап­кершілікті дәрігерге ысырып қойғаннан ештеңе шықпайды.


Екіншіден, пневмония коронавируспен байланысты. Этиология біреу, ол – коронавирус инфекциясы. Себебі бұл пневмония әдеттегіден өзгеше.

Статистика бойынша көрсеткіш 3-5 есе жоғары.


Халық ауруханадан гөрі үйде емделуді құп көреді. Өйткені нау­қас жақындарының жылы сөзіне, күтіміне зəру. Үйде дəм­ді, құнарлы тағамдар – жаңа әзірленген сорпа, сүт өнімдері, оның ішінде қымыз, шұбат, сау­мал, ірімшік, дəнді дақылдардан жасалған ботқа жеп, сусын, лимонды шырын ішетін мүмкіндік бар.


Өзім еңбек ететін қалалық №3 емхана қызметкерлері пациенттерге үй жағдайында стационарлық көмек ұйым­дас­тыруда. Пневмонияға шалдық­қандар тегін дəрілермен қам­та­масыз етілуде. Отбасы мүшелеріне науқасты ерекше ықыласпен жақсы көру, оның сауығып кетуіне сөзбен де демеу болу керек екенін ескертеміз. Үй жағдайында емдік ингаляция, тыныс алу жаттығуларын жасауды, адамда болатын қосымша энергия көздерін, басқа да шексіз мүмкіндігін пайдалануды үйретеміз. Жақсы сөз айтып, жақсы ой ойлауға шақырамыз.


Отбасында инфекция жұқтырған адам болса, өзі ауруға шалдықпау үшін дәрігер кеңесіне құлақ асқаны жөн. Оқшауланған науқасқа көмек көрсеткенде медициналық маска мен қолғап кию керек. Сондай-ақ күніне аскорбин қыш­қылын 2 дражеден 4 рет, ацикловирді 1 таблеткадан 3 рет, ротабиотикті 1 капсуладан 2-3 рет пайдалануды ұсы­намын. Оксолин майын мұрынның іші-сыртына 3-4 рет жағу қажет. Лимон қосылған жылы суды көбірек ішіп, жақсылап тамақтанған дұрыс. Лажы болса, суық ештеңе ішпеңіз!

Айым ИБАДУЛЛАЕВА,

жоғары дәрежелі

терапевт-дәрігер,

Қызылорда қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<