Роналду әлем чемпионатындағы ең егде хет-трик авторы атанды

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем чемпионатының бірінші турындағы Испанияға қарсы матчқа хет-трик жасады. «Реалдың» форварды әлем чемпионаттарында үш гол соққан ең егде футболшы атанды – 33 жас, 130 күн. Сондай-ақ ойыншы Испания құрамасына әлем чемпионатында хет-трик жасаған алғашқы ойыншы атанды. Айта кетейік, Роналду еуропалық құрамалардың үздік сұрмергендері тізімінде Ференц Пушкашты қуып жетті. Екеуінде де 84 голдан бар.
Ақпарат көзі: prosports.kz

ДОДА 16 маусым 2018 г. 483 0