Матчтағы төбелес: 40 адам зардап шекті

Футболдан Алжир чемпионатында «МК Алжир» - «УСМ Бель-Аббес» командаларының арасындағы ойын соңы төбелеске ұласып, 40-қа жуық адам зардап шекті, - деп хабарлайды AFP агенттігі.
Матч  "УСМ Бель-Аббес" командасының басымдығымен (1:0) аяқталды. Жеңіліс алаң иелері жанкүйерлерінің ашу-ызасын туғызды. Олар орындықтарды жұлып алып, полицейлерге лақтырды. Салдарынан 22 фанат пен 18 полицей зардап шекті. Сондай-ақ, 10 полиция көлігі мен жедел жәрдем каретасы қираған. Суық қару мен есірткі табылған 42 жанкүйер ұсталды.
Алжир құқық қорғау органдары келеңсіз жағдайды тексеріп жатыр.


ДОДА 15 қараша 2018 г. 2 701 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031