Грэпплингтен халықаралық турнир өтіп жатыр

Елордада грэпплингтен дәстүрлі «ASTANA OPEN» халықаралық турнирі өтуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спорт бәсекесіне өз елімізден бөлек, БАӘ, Бразилия, АҚШ, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің грэпплинг шеберлері қатысуда. Екі күнге созылатын турнир балалар (7-13 жас), жасөспірімдер (14-17 жас) және ересектер тобы бойынша өтеді. «Дәстүрге айналған грэпплинг турнирі осымен 4-ші жыл өтіп жатыр. Жыл санап оның географиялық ауқымы кеңеюде. Биылғы жарысқа алғаш рет АҚШ пен Бразилия елдерінің өкілдері қатысып жатыр. Спорт жарысы екі күн бойы өтеді, яғни бүгін балалар мен жасөспірімдер сынға түссе, ертең ересектерге арналған турнир басталады. Биылғы бәсекенің ерешелігі - жастар кимономен, ал үлкендер кимоносыз күреседі. Тағы бір айта кетерлігі, турнирге еліміздің барлық өңірінен спортшылар қатысуда», - дейді ҚР Грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алин.
 Халықаралық турнир ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының қолдауымен өтуде. Жарысқа 700-ден астам спортшы қатысып жатыр.


ДОДА 27 қаңтар 2019 г. 1 507 0