Допинг үшін ұсталған спортшыларға қандай жаза тағайындалады?

Елімізде допинг үшін жаза күшейтіледі. Бұл туралы Парламент Сенатындағы Үкімет сағатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз спорттық көрсеткіштері жоғары елдердің тәжірибесін зерттедік. Оның негізінде министрлік салалық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Ұсынылып отырған нормалар тыйым салынған препараттарды пайдалану мен тағайындау және таратқаны үшін адамдарды құрама командалардан шығарудан бөлек, спортшылар мен бапкерлерге және оларға қатысы бар мамандарға әкімшілік жауапкершілікті белгілеуді қарастырады», - деді вице-министр.
 Е.Рамазановтың айтуынша, түзетулер аясында жарыстағы нәтижелердің жойылғаны үшін төленген ақшалай ынталандыру төлемдерін қайтаруды қарастырады. Сонымен қатар, спорттық атағын жою, үлкен жарыстардың жеңімпаздары мен чемпиондарына берілген баспананы кері қайтару ескерілген. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан спортшылары тарапынан допинг пайдалану жағдайлары төмендемей тұр. Соңғы 5 жылда Қазақстан спортшылары тарапынан допинг пайдаланудың 263 оқиғасы анықталды.




ДОДА 02 маусым 2019 г. 476 0