Жерлестерімізге жеңіс тілейміз

8 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс-Аре­на» спорт кешенінде «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді. Дәстүрлі турнирге Сыр өңірінен спорт шеберлері Мақсат Исағабылов пен Нұрым Сәлімгереев қатысады. 

«Қазақстан барысында» облыс намысын қорғайтындар жуырда қаладағы «Евразия» спорт кешенінде өткен облыс­тық «Алтын белбеу» сайысында іріктелді. Оныншы мәрте ұйымдастырылған балуандар бәсекесі үш кезеңнен тұрды. Онда төрт жас деңгейінде 8000-ға жуық спорт­шы сынға түсті. Ал алтын белбеу иесін анықтайтын түйе палуан сайы­сына 24 спортшы қатысты. Осы додада Мақсат Исағабылов «Сыр барысы» атанып, «Алтын белбеу» белдігіне ие болды. Мақсатпен финалда белдескен Нұрым Сәлімгереев «Сыр ар­ланы» атанды. Екі спортшы да осылайша респуб­ликалық турнирге қатысуға жолдама алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақ­стан барысы» жобасы алғаш рет 2010 жылы Қызыл­орда облысында бас­тау ал­ған. Ал 2011 жыл­дан бастап атал­ған турнир рес­публикалық деңгейде өткі­зіліп келеді. Сыр өңірі бал­уандары арасынан бүгінге дейін Ұлан Рысқұл (2011ж), Еламан Ерғалиев 2017 жылы респуб­ликалық «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алды.

Республикалық додада жерлестерімізге жеңіс тілейміз.


Айнұр БАТТАЛОВА.

ДОДА 04 маусым 2019 г. 959 0