Мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы

10 маусым күні "Мұз айдыны" СК-де мемлекеттік қызметші күніне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған дəстүрлі спартакиада басталады.

Биыл 25-ші мəрте ұйымдастырылатын жарысқа 26 команда 1000-нан аса мемлекеттік қызметшілер спорттың 9 түрінен (пневматикалық мылтықпен ату, шағын-футбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, бильярд, веложарыс, жүзу) жүлделерді сарапқа салады.

Жарыс 10 маусым күні сағат 09.00-де басталады, 19.00-де салтанатты ашылуы өтеді. Спартакиада 21 маусым күні қорытындыланады.


ДОДА 07 маусым 2019 г. 273 0