Қанат Ислам әлемдік рейтингке қайта оралды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (26-0, 21КО) BoxRec.com порталының әлемдік рейтингіне қайта енді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Кәсіпқой бокстағы 26 жекпе-жегінде жеңіске жеткеннен кейін Қанат Ислам супер орта салмақта 88.69 ұпаймен 1561 кәсіпқой боксшы арасында 35- орынға жайғасты. Сондай-ақ, ол өз салмағында қазақстандық кәсіпқой боксшылар арасында көш бастап тұр.
Еске салайық, 34 жастағы қазақстандық боксшы 5 шілде Алматы қаласында екі жылға жуық ұзілістен кейін кәсіпқой рингке қайта оралды. Отандасымыз  доминикалық қарсыласы Хулио де Хесусты (27-2, 24КО) 14 секундта нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBO Inter-Continental чемпиондық белдігін жеңіп алды. 


ДОДА 09 шілде 2019 г. 1 221 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031