Терең ойдың тартысы

 Адам зейнетке шыққан соң да өзін-өзі дамытып, түрлі спорт түрімен айналысуы денсаулығының жақсы болуына әсер етеді. Ардагерлер тек мереке-жиындарда ғана емес, өзге де шараларда жиі басқосуды қалайды. Міне, осы орайда облыс­тық ардагерлер кеңесі мен облыс­тық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында тоғыз­құмалақтан турнир өтті. Оған барлық аудандардан 30-дан аса әуесқой тоғызқұмалақшы қатысып, бақ сынасты.

Алдымен шараның ­ашылуында қалалық ардагерлер кеңе­­сі­нің төрағасы Сайлаубай Әбі­шев сөз сөйледі.

Терең ойды талап ететін, халық даналығы қалдырған ойындардың бірі – тоғызқұмалақ. Ол да шахмат, дойбы сияқты адамнан шыдамдылықты, салқынқандылықты қажет ететін ақыл-ой спорты. Сондықтан осын­дай ойын­дар үлкен-кішіге бірдей пайдалы, – деді С.Әбішев.

Өңірдің барлық аудандары­нан келген ардагерлер тоғыз­құ­ма­лақтан бәсекеге түсіп жатқанда, олармен сабақтас шах­матшы, алты дүркін Азия чемпионы атанған Әсел Серікбай шеберлік тәсілдерін көрсетті. Ол ата-әжелерін шахмат өнерінің қыр-сырына қанықтырды.

Турнир нәтижесінде І орынды Қырмызы Секина жеңіп алды. Ал одан кейінгі жүлделер сырдария­лық Мектепхан Елеусінов пен қызылордалық Әмір Кемадуллаевқа бұйырды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлық және дипломдармен марапатталды.

Айсәуле ҚАРАПАЕВА.

ДОДА 20 шілде 2019 г. 429 0