22 жастағы қазақстандық боксшы МТК Global-мен келісімшартқа отырды

МТК Global промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Ескендір Харсанмен келісімшарт жасасты. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» аккаунтында жазылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22 жастағы боксшы профи-рингтегі соңғы айқасын 24 наурыз күні Алматыда грузин Джаба Мемишишиге (8-11, 1КО) қарсы өткізген болатын. Алты раундқа есептелген екінші жеңіл салмақтағы кездесу екінші раундта Е.Харсанның жеңісімен аяқталды. Боксшымыз Мемишишиді үш рет нокдаунға түсіріп, соңында нокаутқа жіберді.
Айта кетейік, рингте небәрі алты жекпе-жек өткізген Е.Харсан бүгінде екі титулға ие - WBC Intercontinental-дың «жастар» белдігіне және WBB нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына.


ДОДА 24 шілде 2019 г. 1 187 0