Бокстан Әлем чемпионаты: Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдегер

 Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында ел анамысын қорғаған Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
+91 келі салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев финалда өзбекстандық Баходир Джалоловтан ұтылып қалды. Осылайша, Әлем чемпионатының күміс медалін қанжығасына байлады.
Естеріңізге сала кетейік, 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов бокстан 2019 жылғы әлем біріншілігінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сонымен, бокстан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен аяқтады.
Қола медальді жартылай финалда қарсыластарына есе жіберген Сәкен Бибосынов, Тұрсынбай Құлахмет, Василий Левит және Абылайхан Жүсіпов иеленді. Дегенмен,
Қазақстан бокс федерациясы Василий Левит пен эквадорлық боксшы арасындағы жекпе-жектің қорытындысына наразылық білдіріп, AIBA президенті лауазымын уақытша атқарушыға ресми хат жолдады.
Бокстан ерлер арасындағы Әлем чемпионаты Екатеринбург қаласында 7-21 қыркүйек күндері аралығында өтті. Халықаралық Олимпиада комитетінің шемімімен турнир Токио Олимпиадасына іріктеу статусынан айырылды. Дегенмен, оған қатысқан қатысушылардың саны ерекше көп болды. Атап айтсақ, 88 елден 467 спортшы келді. Екі жыл бұрын Гамбургте 85 елдің 279 боксшысы қолғап түйістірген болатын.

ДОДА 23 қыркүйек 2019 г. 325 0