"Барселона" Мессидің үздік атанудағы 17 сырын ашты

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) Миланда жылдың үздік футболшыларын марапаттады. Ерлер арасында "The Best" сыйлығына Лионель Месси ие болды. Аргентина футбол жұлдызы әлемнің үздік ойыншысы атанғаннан соң, “Барселона” клубы ресми сайтында не үшін оның үздік фуболшы екендігін дәлелдейтін 17 себеп келтірді.
1. Ла Лига және Испания Суперкубогы жеңімпазы Өткен маусымда Месси тағы да екі кубокты командамен бірге қанжығасына байлады. Енді Мессиде 34 кубок бар. Кубоктар бойынша ол “Барсаның” ең жеңімпаз ойыншысы.  
2. Ла Лиганың үздік сұрмергені Месси өткен маусымда 34 рет жасыл алаңға шығып, 36 рет мергендігімен көзге түсті. Ол “Барселона” клубына кезекті 26-рет чемпион” атануына өз үлесін қосты және қатарынан үшінші рет чемпионаттың үздік сұрмергені атанды. Ол осымен алтыншы рет Испания ішкі біріншілігінің үздік сұрмергені болған ойыншы. Месси мен аңыз ойыншы Тельмо Сарра бұл жағынан рекордшы саналады.
3. Ол Еуропаның үздік сұрмергені ретінде кезекті рет “Алтын бутсы” иегері атанды Месси қатарынан үшінші рет Еуропаның үздік сұрмергені (ішкі чемпионаттар есебінен) атанды. Бұл оның алтыншы “Алтын бутсысы”.
 4. Алтыншы рет Чемпиондар Лигасында үздік сұрмерген атанды Месси өткен маусымдағы турнирде 10 кездесу өткізіп, қарсылас қақпасына 12 гол соқты.
5. “Барса”  сапындағы 600-гол Месси ешкім бағындыра алмайтын шыңға шығып алған. Бұл тізімдегі басқа ойыншылар клуб тарихындағы үздік сұрмергеннен әлдеқайда артта келе жатыр.
6. Еуропа Лигаларында айып соққысынан ең көп гол соққан ойыншы 2018-19 жылғы маусымда Месси 6 рет айып соққысынан гол соқты.
7. Примерада 400 гол Месси – Ла Лигада алғаш болып  400 гол соққан футболшы.
8. Футбол мансабында алты маусым бойы 50 гол соққан ойыншы Месси өткен маусымдағы 50 ойында 51 гол соқты: Ла-Лигада 36 гол, Чемпиондар лигасында 12 гол және Испания кубогында 3 гол.
 9. Ла Лигада жеңістер саны бойынша рекорд Бұл көрсеткіш бойынша Месси “Реалдың” экс-ойыншысы Икер Касильясты артта қалдырды.
 10. "Барса" жейдесінде жеңістер саны бойынша рекорд Месси католондық клубпен турнирлердегі жеңістер санын 447-ге жеткізіп, Хавиді басып озды. Ол “Бетис” қақпасына хет-трик жасап , бұл нәтижеге қол жеткізді.
11. Чемпионаттағы жеңістер саны бойынша “Барселона” рекордын жаңартты Месси Ла Лигада 10 рет чемпион атанды. Бұл клуб рекорды. Ла Лигада ең көп чемпион болған  Франсиско Хентоге (1953-71 жылдарда “Реал Мадрид” сапында доп тепкен ойыншы) жетіп алу үшін тағы екі жеңіс қажет.
12. Ла Лигада натижелі пас беру бойынша үздік Месси өткен маусымда үздік сұрмерген ғана емес,  үздік ассистент атанған. Ол 13 рет нәтижелі пас шығарған ойыншы.
13. Америка Кубогы – қола Месси Аргентина ұлттық құрамасымен сапында Копа Америка жартылай финалына шықты. Бірақ құрама финал үшін тартысты ойында Бразилиядан ұтылды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде аргентиналықтар Чилиден айласын асырды.
14. Қатарынан 11 маусым бойы Испания чемпионатында 20-дан аса гол соққан ойыншы Месси мұндай нәтижеге қол жеткізген жалғыз футболшы. Ол 2008-09 жылғы маусымнан бастап әр маусымда кемінде 20 гол соққан.  
15. Испания Кубогінде – 50 гол Месси өткен маусымда Король кубогінде 3 гол соқты. Енді оның бұл турнирдегі жалпы голдар саны – 51. Король кубогінде тек Хосеп Самитьер (1919 жылдан 1932 жылға дейін ойнаған) ғана 64 гол соққан.  
16. 50-ден аса хет-трик Месси өткен маусымда “Севилияға” қарсы кездесуде 3 гол соғып, хет-триктер санын елуге жеткізді. Оның 44-ін “Барселона” сапында, алтауын Аргентина ұлттық құрамасы сапында соққан.
 17. Испания Кубогінің алты финалында гол соққан алғашқы футболшы Месси өткен маусымда Испания Кубогы финалында “Валенсияға” гол соқты. Бұл маусымда Мессидің финалдағы соққан голы алғаш рет жеңіс сыйлаған жоқ.

Дереккөз: massaget.kz
ДОДА 30 қыркүйек 2019 г. 898 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031