Жеңіске толы болды

– Мен үшін бұл жылжеңіске толы, серпінді кезең болды. Басты жаңалық – Ақтөбеде өткен Әлем чемпионатында жеңіске жетуім. Байрағымыз көкте желбіреді. Көптен бері көкейде жүрген мақсатым болатын. Енді сол биігіміз аласармаса екен.

Бұдан бөлек, Жақсылық Үшкемпіров атындағы халықаралық турнирде топ жардым. Петропавлда Қазақстанчемпионы атандым. Мұның бәрі – жаттықтырушының тиімді техниканы үйретіп, оныөзіміз дағдыға айналдырып, әдіс-айланы меңгерудің арқасы. Түптеп келгенде, маңдай тердің жемісі бұл. Аймақтың абыройын асқақтату бағытында әлі де еңбекете береміз. Бұл – менің ғана емес, Алтай мен Атырау аралығында қазақ баласының жеңісі.

Еліміздің абыройы арта берсін. Жаңа жыл толағай табыстар мен құт-берекеге толы жыл болғай!



Нұрым Сәлімгереев, 
Қазақ күресінен әлем чемпионы
ДОДА 31 желтоксан 2019 г. 365 0