Қызылордалық тоғызқұмалақшылардың жеңісі

Қызылорда қаласында мемлекет жəне қоғам қайраткері Нəлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан ашық Азия кубогы өтті.

Дүбірлі бәсекге Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Моңғолия және Қазақстанның әр өңірінен 262 тоғызқұмалақшы классика жəне блиц түрлері бойынша шеберлік байқасты.

Жарыс нəтижесінде облыс споршылары жақсы ойын өрнегін көрсетіп, 10 медаль иеленді.

Классика бойынша ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов Азия кубогының жеңімпазы атанса, əйелдер арасында Ұлдана Махамбетамин қола жүлдеге ие болды.

17 жас ұлдар арасында Жантөре Аманқос екінші, қыздар арасында Бекзат Амир мен Нұрай Мектепхан үшінші орындарды еншіледі.

Блиц бойынша ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов қола, 17 жас ұлдар арасында Дамир Ахметов күміс, Ерасыл Пернебаев қола жүлделерге ие болды.

Қыздар арасында Нұрай Мектепхан екінші, Бекзат Амир үшінші орындарға жайғасты.

ДОДА 07 наурыз 2020 г. 478 0