ҚАМШЫ ҰСТАР ҚАЙРАТТЫЛАР

132

0

Жаңақорған ауданында қазақ күресінен 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтті. 220 спортшы қатысқан біріншілікте сырдариялық үш спортшы әр түрлі салмақта жүлделі І орын алды.
Атап айтқанда, Ерсұлтан Қошқаров (50 келі), Бекұлан Бегалыұлы (55 келі), Дінмұхаммед Айдарбеков (73 келі), қарсыластарын шақ келтірмеді.
Ал 60 келі салмақта өнер көрсеткен Саят Серіков екінші, +73 келі салмақта Қуанышбек Әлиакбар үшінші орынды місе тұтып, жарыс жеңімпаздары атанды. Жас палуандарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз