«ҚАЙСАР»: ЖАҢА МАУСЫМДА ЖЕҢІС КҮТЕМІЗ

54

0

«ҚАЙСАР»: ЖАҢА МАУСЫМДА ЖЕҢІС КҮТЕМІЗБүгін, 15 наурызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі жалауын көтереді. Жылдық үзілістен кейін үздіктер қатарына қайта қосылған Қызылорданың «Қайсары» алғашқы ойынын өз алаңында өткізеді.
Бұл кездесу сағат 16.00-де Қызылорда қаласындағы «Локомотив» стадионында өткізіледі. Ел біріншілігінің күнтізбесіне орай командалар өткен жылғыдай екі кезең бойынша сынға түседі. Доп додасы 15 наурызда жалауын көтеріп, 9 қарашада мәресіне жетеді. Ал алғашқы айналым 3 тамызда аяқталса, екінші айналым 23-24 тамыз күндері басталады.
Алғашқы екі ойынын жерлестеріміз өз алаңында өткізіп, 15 наурызда Шымкенттің «Ордабасы», 22 наурызда Тараздың «Тараз» командаларымен кездеседі.  Біз Қызылорданың «Қайсар» командасының қатысуымен өтетін ойындар кестесін назарларыңызға ұсынамыз.
ЧЕМПИОНАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ
Бірінші айналым І тур. 15 наурыз (сенбі). «Қайсар» (Қызылорда) – «Ордабасы» (Шымкент). ІІ тур. 22 наурыз (сенбі).  «Қайсар» – «Тараз» (Тараз). ІІІ тур. 29 наурыз (сенбі). «Астана» (Астана) – «Қайсар». ІV тур. 5 сәуір (сенбі). «Қайсар» – «Қайрат» (Алматы). V тур. 9 сәуір (сәрсенбі). «Тобыл» (Қостанай) – «Қайсар». VІ тур. 13 сәуір (жексенбі). «Қайсар» – «Ертіс» (Павлодар). VІІ тур.  19 сәуір (сенбі). «Ақтөбе» (Ақтөбе) — «Қайсар». Қазақстан кубогы, алғашқы кезең.  23 сәуір (сәрсенбі). VІІІ тур. 27  сәуір (жексенбі). «Қайсар» – «Шахтер» (Қарағанды). ІX тур. 1 мамыр (бейсенбі). «Спартак» (Семей) – «Қайсар».  Х тур. 6 мамыр (сейсенбі). «Қайсар» – «Атырау» (Атырау). ХІ тур. 10 мамыр. «Жетісу» (Талдықорған) — «Қайсар».  Қазақстан кубогы, 1/8 финал. 14 мамыр (сәрсенбі). 
Екінші айналым  ХІІ тур. 18 мамыр (жексенбі). «Тараз» – «Қайсар». ХІІІ тур.  24 мамыр (сенбі) «Қайсар» – «Астана». ХІV тур. 28 мамыр (сәрсенбі). «Қайрат» – «Қайсар». ХV тур. 1 маусым (жексенбі). «Қайсар» – «Тобыл». ХVІ тур.  14 маусым (сенбі). «Ертіс» – «Қайсар». Қазақстан кубогы, 1/4 финал. 18 маусым (сәрсенбі).  ХVІІ тур. 22 маусым (жексенбі). «Қайсар» – «Ақтөбе». ХVІІІ тур. 27 маусым (жұма). «Шахтер» – «Қайсар».  ХІХ тур. 5 шілде (сенбі). «Қайсар» – «Спартак». ХХ тур. 13 шілде (жексенбі). «Атырау» – «Қайсар». ХХІ тур. 26 шілде (сенбі). «Қайсар» – «Жетісу». ХХІІ тур.  3 тамыз (жексенбі). «Ордабасы» – «Қайсар».
2014 ЖЫЛҒЫ «ҚАЙСАРДЫҢ» ҚҰРАМЫ
Қақпашылар – №1 Ахмет Алайдаров (19.08.1983), №13 Кирилл Прядкин (06.017.1977), №30 Евгений Ширяев (22.02.1984), №35 Кирилл Короткевич (12.06.1992).
Қорғаушылар – №2 Олжас Алтаев (15.07.1989), №3 Алдан Балтаев (14.01.1989), №4 Мамуту Кулибали, Мали (23.02.1984), №5 Дамир Дәуітов (03.03.1990), №15 Милиан Яблан, Сербия (30.01.1985), №19 Сүйіндік Көшеков (17.05.1990), №32 Нұржарық Күнов (22.10.1993), №44 Мартин Кляйн, Чехия (02.07.1984).
Жартылай қорғаушылар – №6 Рақымжан Розыбакиев (02.01.1991), №7 Сергей Мощников, Эстония (07.01.1988), №8 Думан Нәрзілдаев (06.09.1993), №10 Антон Землянухин (11.12.1988), №14 Сергей Шевцов (29.10.1990), №21 Магомед Узденов (25.02.1994), №22 Кирилл Шестаков (14.11.1985), № 77 Илья Калинин (03.02.1992), №90 Матик Марушко, Словения (31.11.1990).
Шабуылшылар – № 9 Сергей Струков, №11 Елжас Алтынбеков (22.11.1993), №17 Жасұлан Молдақараев (07.05. 1987), № 25 Душан Савич, Македония (01.10. 1985), №28 Римо Хунт, Эстония (05.11. 1985).
Дайындаған Ә.Тұрсынбекұлы. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз