БАСКЕТБОЛДАН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР

73

0

БАСКЕТБОЛДАН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИРҮстіміздегі жылдың 21-25 сәуірі аралығында  Қызыл¬орда қаласында «ПетроҚазақстан Кұмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамының жүлдесіне арналған баскетболдан жалпы білім беретін мектеп оқушылары  арасында дәстүрлі облыстық ашық турнир мәресіне жетті. Жарыс биыл 18-ші мәрте ұйымдастырылды. Онда Ақтөбе, Хромтау, Байқоңыр қалалары мен Қызылорда облысынан  14  команда бақ сынады. 
 Жарыстың мақсаты – жалпы білім беретін мектеп оқушыларының мектептен тыс уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау және олардың  арасында достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Жарыс нәтижесінде ұлдар арасында Қызылорда қаласының командасы топ жарды. Екінші орынды Ақтөбе қаласы иеленсе, Байқоңыр қаласының құрама командасы үшінші орынды еншіледі. Ал қыздар арасында Ақтөбе қаласының командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Қалған орындарды Шиелі ауданы мен Жаңақорған ауданының командалары бөлісті. 
«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша ақтөбеліктер – Валерия Соколова мен Юрий Барановский, қызылордалықтар – Ризат Ибраева, Ниязбек Сейдуали марапатталды. Ал, «Үздік төреші» номинациясына  қызылордалық Нұрлан Даукенов, Сырдариядан  Сайора Омарқұлова мен Эльмира Райымқұлова, Жаңақорғаннан Болат Батырбеков мен Диляра Мұсаева лайықты деп саналды. Сонымен қатар, қыздар командасын дайындағаны үшін келесі Ирина Бондаренько (Ақтөбе), Алтынхан Ақпанбетов (Шиелі ауданы), Қанат Айдаров (Жаңақорған ауданы), ұлдар командасын дайындағаны үшін Олег Ким (Қызылорда), Асқар Жылқыбаев (Ақтөбе), Өмірбек Сейтенов (Байқоңыр) сынды жаттықтырушылар марапатталды. 
Жеңімпаз және жүлдегер атанған  командалар мен номинация иегерлері «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ-ның кубок, естелік сыйлықтарымен, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының  алғыс хаттарымен марапатталды. 
Ә.ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз