БОЛАШАҚ КАСПАРОВТАР БӘСЕКЕСІ

73

0

Қазалы ауданында Халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдық мерейтойы аясында 2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасында шахматтан өткен жарыс мәреге жетті.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық шахмат федерациясы ұйымдастырған ойлылар ойынының мақсаты бұқаралық спортты дамыту және жастардың патриоттық тәрбие беру болмақ.

Отыздан астам үміткерлер қатысқан жарыс қорытындысында ер балалар арасында №17 орта мектеп оқушысы Ерболат Қожаниязов шеберлігін көрсетсе, қыздар арасынан №97 орта мектептің түлегі Ләзиза Алдажар бәсекелестерінен басым болды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер арнайы медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бақтыбай СМАЙЫЛҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз